Сырласу
News

Аяулым Шалқар «Әлемнің ең үздік 100 келбеті» рейтингісіне енді

Жыл сайын TC Candler сайты тәуелсіз сарапшылардың пікіріне негізделе отырып, «Әлемнің ең үздік 100 келбетін» анықтайды. 1990 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан аталмыш рейтингке биыл қазақстандық модель Аяулым Шалқар ілікті. Аяулым «Әлемнің ең үздік 100 келбеті» номинациясына ілінген алғашқы және жалғыз қазақ қызы. TC Candler инстаграм желісіне Аяулым Шалқардың суретін 13 сағат бұрын жариялаған. 

391Қаралымдар

 

Айта кетелік, TC Candler құрастырған тізімде Аяулымның есімі Блейк Лайвли, Эмилия Кларк, Хлоя Морец, Бурак Озчивит секілді әлемдік жұлдыздар мен белгілі модельдердің есімімен қатар тұр.

 Аяулым Алматы қаласының тумасы. Графикалық дизайнер әрі модель бірнеше жылдан бері Австрия мемлекетінде тұрып келеді. Дегенмен, ол өзінің сұқбаттарында бір мемлекетте тұрақтағысы келмейтінін, әлемнің көптеген қалалаларында өмір сүріп көргісі келетінін жасырмай айтады.

Қазақстандық ару бүгінгі таңда өзінің жеке киімдер топтамасын жасап, “АШ” брендін құрастырған. Бұл табиғи талшықты матадан тігілген, сапасы жоғары киімдер.

Инстаграм желісінде Аяулым Шалқардың қолдаушылары өте көп, қазіргі таңда оның өмірін 570 мыңнан астам адам бақылауда.