ОтбасыОтбасы бюджеті

Ақшаны екі еселеудің амалын білесіз бе?

733Қаралымдар

Ақшаның шын мәнінде қуат екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Өмірімізде қуат қаншалықты көп болса, ақша да соншалықты молая түседі. Халық арасында «ақша ақшаны тартады» деген ұғым бар. Сол сияқты бойда қуат болмаса, қолға ақша түспей, берекесі кетеді.

Біз бұл санда өмірімізге табыс әкеліп, бойдағы қуатты арттыратын рәсімдерді тізіп шығуды жөн көрдік.

Сырласу ұсынған жеті күндік рәсімдерді орындап көріңіз.

Дүйсенбі

Егер дүйсенбі күні 13 деген санға сәйкес келсе, сағат 13:13-те дастархан басында отырып, 13 тиынды есептеп, оны бір сағаттың ішінде жұмсап жіберіңіз.

Сейсенбі

Егер ескі, дақ түскен тиынды тауып алсаңыз, оны әмияныңызға салып қойыңыз. Оның жанында тұрған ақша ірі болған сайын, табысыңыз да молая түседі.

Сәрсенбі

Елу теңгені ұсақтап, кедей ер адамдарға таратып шығыңыз. Осылайша, сіз өміріңізден жағымсыз сәттер мен сәтсіздікті, кедейлікті алыстата аласыз.

Бейсенбі

Үйден шықпас бұрын ақшаны бүктеп, алақаныңыздың арасына салып, екі қастың арасына жақындатыңыз. Ақшадан өзіңізге дәулет пен сәттіліктің келуін сұраңыз.

Жұма

Ақша өзін бағаламайтын, ұқыпсыз адамдарды ұнатпайды. Сол себепті үйіңізде де киіміңізде де тесіктің, жыртықтың болмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ, әмияныңызға үнемі тиын салып жүріңіз. Ол магнит іспетті өзіне өзге тиындарды тартып тұрады.

Сенбі

Қапқа бұршақ немесе тиын салып, ас бөлмеңіздегі ешкімнің көзі түспейтін жерге жасырып қойыңыз. Осыдан кейін үйіңізге ақша өздігімен кіре бастайды. Тіпті, күтпеген жерден олжалы болуыңыз мүмкін.

Жексенбі

Тәрелкені алып, оған тұз себіңіз. Содан кейін: «Тұзбен бірге қайғы да кедейлік те кетсін» деп бірнеше рет қайталаңыз. Әмиянды тұздың үстіне қойып, таңертең сөмкеңізге салып қойыңыз.