ОтбасыОтбасы бюджеті

Байлыққа жол ашар формула

Көптеген жандар өзі мен отбасын үлде мен бүлдеге ораймын деп бел жазбастан еңбек етеді. Алайда, не шырайы шықпайды, не ақшаға жарымайды. Табысқа қол жеткізудің себебі қарапайым. Байлықтың жолын адам миында қалыптасқан қате түсініктер бөгейді. Олар қандай түсініктер? Айсұлу ЕРБОЛАТ

1.56K (1000)Қаралымдар

1. Байлық күң сияқты еңбектенгенде келеді. Егер сіз шынымен солай ойласаңыз, баршылықтың ләззатын сезіне алмайсыз. Осылайша қыруар жұмысты тиын-тебен үшін атқарып жүретін боласыз. Белгілі бір соманы табу үшін, оның қолыңыздан келетін-келмейтініне көз жеткізіп алыңыз.

2. Өмірде ақшадан да маңызды дүниелер бар. Әрине, «ақшадан басқасының құны жоқ» деген ойдан аулақ болу қажет. Алайда дәл осы ой сізге маза бермеуі ықтимал. Ақша – өзіндік қуаты бар, сізді қиыншылықтардан арылтатын, сенім арттыратын, жақындарыңызға алаңсыз болашақ сыйлай алатын құрал.

3. Байлық адамдарды бұзады. Мүлде олай емес. Ақшаны дұрыс жұмсап, жылдар бойы оны арттырып отыруды тек өзіне сенімді және ақылды адам ғана жасай алады.

4. Адал еңбек байлыққа алып келмейді. Тек жауыздықпен, біреуді алдап-арбаумен табысқа жетеді. Егер басыңызда осындай ой туындар болса, дереу арылыңыз. Нағыз адал еңбек қана мол табысқа әкеледі. Тек еңбегіңіздің қадірін біліп, өзгеге бағалата біліңіз.

 5. Байлық – ұят. Айналада кедейлер көп уақытта, байлықтан ұялу қажет. Егер сіздің қолыңыздан мол табысқа жету келсе, неге қол қусырып отырсыз? Құл боларын да, хан боларын да әркім өзі таңдайды.

 6. Тапқан таянғаныңды жинау қажет. Әрине, көк тиынсыз қалған ешкімге ұнамайды. Дегенмен, қаржыны үйдің бір бұрышына сақтамай, айналымға салыңыз. «Өлі ақша» байлыққа кенелтпейді. Егер қолда барыңызды болашағы бар жобаға салсаңыз мол табысқа жетуге әбден болады.

7. Бай болу мүмкін емес. Бұл еріншек адамдардың арасында кең тараған түсінік. Қу таяқты кедейге дәулет бітпейді деп кім айтты? Өмірге кедей болып келу – тағдырдан, ал кедей болып өмірден өту – өзіңізден.

P.S. Егер біз атағанның бірін өзіңізден тапсаңыз, оны басыңыздан «жұлып» тастап, жаңа өмірге сенімді қадам басыңыз. Жағымсыз ойлардан арылу қиын емес.