Бала тәрбиесіОтбасы

Баланы еңбекке баулудың 5 құпиясы

Үйдегі кішкентай періштеңіз сіздің жинаған бөлмеңізді сәлден дейін қайта шашып тастайтын болар? Қайпек керек дерсіз? Мына жайттарды ескерсеңіз, оның да шешімі бар.

635Қаралымдар

№1 Үлгі болыңыз

Өзіңіз істемейтін нәрсені баладан талап етудің қажеті жоқ. Бала айтқанды емес, көргенін қайталайды. Жинақылыққа кішкене күнінен баулыңыз. Мысалы, «Қарашы, мен қазір керек-жарақтарды бөлшектеп орналастырамын. Қасықтарды бір бөлек, шанышқыларды бір бөлек қоямын. Мұның барлығы кейін алғанда ыңғайлы болуы үшін жасалады», – деңіз.

№2 Ынталандырыңыз

Сәбиіңіздің талпынысы үшін мақтаңыз, алғыс айтыңыз, бағалаңыз. Бала санасы өзінің тек пайдалы ғана емес, жағымды нәрсе жасап жатқандығын мәңгі есте сақтап қалады.

№3 Заттардың орнын белгілеп, жазып қойыңыз

Құр жазу жазып қоймай, суретпен әрлесеңіз де болады. Бұл үлкендердің үй жинап жатқанда жұмысын жеңілдетеді және баланың оқу қабілетін арттырады.

№4 Тазалық кестесін пайдаланыңыз

Ешнәрсеге қарамастан белгіленген уақытта перзентіңізді өз бөлмесін және мектепке ұстап баратын сөмкесін реттеуге дағдыландырыңыз. Оның мультфильм қарауына кедергі келтірмес үшін алдын ала уақытын келісіп алыңыз. Мұндай тәртіп жеткіншектерге де артық етпейді.

№5 Қателікке жол беріңіз

Иә, сөйлемді дұрыс оқыдыңыз! Баланың тапсырманы өз бетінше орындауына, тіпті қате жіберуіне мүмкіндік беріңіз. «Дұрыс емес, оны былай істейді»,-деп жасап отырғанын бұзып тастап, өзіңіз барлығын қолға алсаңыз балаңыздың ынтасын жойып тастайсыз.

 Бонус!

  • Шыдамды әрі тегеурінді болыңыз. Қанша дегенмен баланың аты бала емес пе?!
  • Бұйырып айтудан аулақ болыңыз. «Істе! Істеуің керек!» деу баланы ренжітіп, жабырқатып жібереді.
  • 6 жасқа дейін балаңызға ешқандай жұмыс істетпеген болсаңыз, жұмыстың ең оңайынан бастаңыз. Есейе келе тапсырмаларыңызды күрделендіріңіз. Бұл баланы қанау емес, өзіне деген сенімі мен тәуелсіздігін тәрбиелеу.