Денсаулық

Балаңыз кімге тартқан?

1.09K (1000)Қаралымдар

Тұқым қуалау
Тұқым қуалаушылық деген ұғымды жаңалық және ғылыми термин ретінде Г.Мендель 1866 жылдары өз тәжірбиелеріне сүйене отырып енгізді. Қазақтың жеті ата заңы. Қалай болғанда да бұл заң біздің ұлттық мәдениетке әбден сіңіп кеткен. Сол заңдылықтың, қазіргі тілмен айтқанда сол ғұрыптың нәтижесінде қазақ даласында тұқым қуалайтын аурумен ауырған, кемтар адамдар жоқтың қасы болған. Ал бүгінде біз тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан адамдарды (ұлттық кодтың бұзылуы) жиі көретін болып жүрміз.

Ұрпақтың гендік ақпаратты дарытуы
Генетика расында қызықты ғылым, оның жаңалықтары адамзат ой-санасына сілкінестер тудыруда. Мысалға, адамда 46 хромосома (23 жұп) болады. Оның бір жұбы жыныс хромасомасы ретінде болашақ ұрпақтың жынысын анықтайды. Әйелдерде ол ХХ әрпімен белгіленген бірдей пішіндегі хромосомлар болса, ерлерде ХY әрпімен белгіленді, осындағы болашақ баланың ұл болуына жауапты Y хромосомасы әкеден балаға беріледі және өзі жұптасатын Х хромосомасынан қысқа болады. Х хромосомасы өзімен 1400- ден астам генді алып жүрсе, Y хромосомасы 200- ден астам генді алып жүреді. Гендердің өзара жұптасып бір белгіге жауап беретінін ескерсек, онда Х хромосомасында орналасқан 1200- дей геннің Y хромосомасында жұбы жоқ деп айтуға болады. Сондықтан ғалымдар ұл баланың мінез-құлқы мен дарындылығы шешесіне қыз баланікі әкесіне таратады дегенді алға тартады. Алайда бұған келісе беруге болмайды. Әуелі мінез-құлық пен дарындылық ген арқылы берілсе, екіншіден сыртқы орта факторларын да ескеру керек.

Доминантты ген
Ген арқылы келгенде әке жағынан ұл балаға берілген Y хромосомада біраз гендердің жетіспеуінен ұл бала шешесіне не нағашы жағына 100 пайыз тартып кетпейді. Себебі, ұл балада еркектік мінез-құлық болады, ол оның бойындағы гормондардың бөлінуі, денесінің физиологиясы, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметіне де байланысты. Ал ұл бала еркектік гормонды жыныс хромосомасы арқылы әкесінен алады. Баланың денесіндегі психофизиологиялық, анатомиялық-морфологиялық белгілер ата-анасының екеуінен де беріледі. Бұл көрсеткіштердің адам мінез-құлқына, дарындылығына әсер ететінін ескеру керек болады. Сондықтан, ұл бала анасына, қыз бала әкесіне толықтай тартады деген қисынға сыймайды. Кімге тартуды кімнің гені доминантты (басым, көрнекі), халықтық тілмен айтқанда «қанның күштілігі» шешеді.

Ер азаматтың денсаулығы
Бір ақиқаты баланың ұл немесе қыз болуы негізінен әкеге байланысты. Ерлерге ұл тудыру үшін «ерлік генді белсендендіру» керек деп жатамыз. Былайша қарасаңыз, бұл күлкілі секілді. Алайда, ген – ол да тірі зат, органикалық қосылыстардан құралған химиялық элементтер жиынтығы. Тірі ағза өседі, жетіледі, бөлінеді. Осы процесстердің бәрінде біз сыртқы ортадан қоректік заттар мен энергия аламыз. Адам бойында «күшті ген» болуы үшін сол ген жасалған химиялық элементтер де таза, күшті болу тиіс. Бұл жерде ГМО (гендік модификациялық организмдер) туралы да айтуға болады. Кешегі қымыз ішіп, жылқы етін жеп, адал тамақтанып жүрген ата-бабамыз бен бүгінгі біздің мінезді салыстырып көріңіз, үлкен айырмашылық байқайсыз. Ал еркектер спортпен шұғылданып, ет жеп «салауатты өмір салтын» ұстанса, дарқандық, батылдық, кеңдік секілді еркектік мінез-құлқы болса «еркектік гені күшейеді».
Ет және қазақтың гені
Қазіргі дәрігерлердің еттен бас тарту жайлы кеңесін құптамаймын. Себебі, біз – қазақтар сан ғасыр бойы ет жеп келдік, біздің ағзамыз оны қажетсініп тұрады, ас қорыту жолымыз соған бейімделген. Тек біз оны қалай жеу мәдениетін ұмытқанбыз, бұрын еттің алды-артында «ағарған» (айран, қатық, қымыз) ішкен. Бүгінгі сөзбен айтқанда лактобактериялар бар астың жылдам қортылуына көмекші заттар етті бірден қорытып денеге тез сіңірген. Бұл біздің тамақтану мәдениетіміздің бір
бөлігі ғана.