ДенсаулықСаулық үшін

Баспаңыз көтеріліп кетсе…

69Қаралымдар

Қыста бадамша безі ісініп, баспа ауруы жиілейді. Баспа жасты да, кәріні де талғамайды.  Дертті лас ыдыс, заттарды қолданған кезде ағзаға түсетін әртүрлі вирустар мен бактериялар  қоздырады.

Алғашқы белгісі қандай?

Тамаққа түскен бактерияның әсерінен жұтыну қиындайды. Дене температурасы 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Соған қарамастан қалтырап, дірілдейді. Ағзаны әлсіздік билеп, бұлшық еттердің ауырсынуын сезінеді.

Дерттің емі бар ма?

Егер адам баспамен жылына 5 реттен көп ауырса, дәрігерлер таңдай бездерін алып тастауға кеңес береді. Дәріханада сатылатын арнайы ерітіндімен тамақты шайып отыру қажет немесе жылы тұзды судың да емдік қасиеті мол. Суықты ыстық шай ішіп кетіремін деу пайдасыз. Буы бұрқыраған сусын мен алкоголь бадамша безінің қабынуын одан әрі күшейтеді. Сонымен қоса, баспамен ауырған баланың дене қызуын түсіру үшін аспирин берудің қажеті жоқ. Емделу кезінде тамақтың қою болмауын қадағалаған жөн. Абзалы – сұйық сорпа ішу. Әсіресе, бұл ережелерді жүктілік кезінде қатаң сақтау керек. Барынша көп тынығып, дене қызуын төмендету үшін салқындау суға жуынып, душ қабылдау артық етпейді.

 Халық медицинасы не дейді?

 Лимон және бал. Лимонды кесіп, бетіне бал жағасыз. Бал болмаған жағдайда қоңыр қантты себуге болады. Лимонды қабығымен бірге жеу керек. Егер тамағыңыздың ауырғанына көп болсама, бір дана лимон жеткілікті.

Ара балы. Ең кең таралған және шипасы көп емдік амал. Жатар алдында ара балымен жағыңызды сылаңыз. Ол ауыз қуысын, тамақты қыздырады. Астан кейін жарты шай қасық ара балын жеу де тартырмас ем. Егер бал табиғи болса баспа асқынбай, 2-3 күнде айығып кетеді.

Түймедақ буы. Ыстық қайнаған суға түймедақ ұнтағын салып, тамақты булау қажет. Әсерін тез сезіну үшін басты орамалмен бүркеп алған дұрыс. Түймедақтың орнына жалбыз, дәрілік сәлбен шөптерін пайдалануға болады.