News

Бас аспаздар күні: “Нестле фуд Қазақстан” – салауатты өмір салтын насихаттайды

 «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясының аспаздар күніне арналған мерекелік іс-шарасы Алматы қаласында болып өтті. Ашық сабаққа тек бас аспазшылар ғана емес, «Дұрыс тамақтану мектебінің» балалары, дұрыс тамақтану жөніндегі сарапшылар, шығармашылық серіктестер де қатысты. Балалар аспаздардың көмегімен пайдалы өнімдерден түрлі тағамдар дайындап, шығармашылық қабілеттерін дамыта алды.

371Қаралымдар

«Бас аспаз күні: өсуге арналған пайдалы өнімдер» атты ашық сабақ Нестле компаниясының “Сау балалар” бастамасы негізінде өтті. Мұндағы негізгі мақсат – 2030 жылға дейін 50 миллион балаға көмектесіп, салауатты өмір салтын ұстану.

Әлемдік бас аспазшылар қауымдастығы дұрыс тамақтанудың пайдасы зор дегенді алға тартады.

«Біз балалар болашақ мамандықтары туралы қазірден бастап ойланса дейміз. Дұрыс тамақтанудың өзі өмір бойы олардың кәделеріне жарайтынын түсінуі керек», – дейді «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясының бас директоры Марк Потаст.

«Нестле Фуд Қазақстан» компаниясы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтану мәселесіне ерекше мән береді. Бүгінгі таңда «Дұрыс тамақтану мектебі» әлеуметтік бағдарламасына 170 мектеп пен 17 000 бала қатысса, 2018-2019 жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда өспек.

Айта кететін жайт, «Нестле» – сусындар мен азық-түлік өнімдерін өндіретін әлемдегі ең ірі компания. Қазіргі таңда әлемнің 189 елінде кәсібін дөңгелетіп отыр. Компанияның құрамына NESCAFÉ мен Nespresso секілді брендтер, БонПари мен Быстров сынды сауда белгілері кіреді.