TrendСән

Батыл қадам. Түрлі түсті шұлық.

256Қаралымдар

Кейбір нәзікжандылар түрлі-түсті шұлық кигенді ерсі көрі мүмкін. Бойжеткен шақта сәбише шұлық киіп алу дұрыс па бұрыс па деп ойлануы ықтимал. Дегенмен, бұл биылғы жылдың тренді. Қазір тек өзіне сенімді, тәуекелге баруға қорықпайтын, тәжірибе жасағанды ұнататын сылқымдар түрлі-түсті шұлықты киіп, көптің көзайымына айналуда.

AlieXpress.com сайты. Бағасы: 3200 теңге. Түрлі түсті шұлық бейнеңіздегі басты элемент болуы керек. Оны басқа да ашық, көздің жауын алатын түстермен үйлестіріп, мүсініңізді ұсқынсыз етіп алудан аулақ болыңыз.

Lamoda.kz Бағасы: 5600 теңге. Мәселен, сұп-сұр, іш пыстырарлық көйлекті түрлі түсті капрон шұлықпен кисеңіз, өте сәнді әрі талғаммен таңдалған бейне пайда болады. 

Сalcedonia. Бағасы: 2500 теңге. Кемпірқосақ түстес шұлықтарды кеңсе стилінде де қолдансаңыз болады. 

Next.com Бағасы: 2000 теңге. Қызыл не қызғылт түсті шұлықты киген кезде, бейнеңіз арзан көрінбес үшін ақ не қара түсті киіммен үйлестіріңіз.