Екеудің құпиясыЖан әлемі

Бақытты отбасындағы опасыздық. Сіз оның «жалғызы» емессіз

Некелі жарының көзге шөп салуы – әйелді тірі өлік күйге айналдыратын, пенде басына түскен қасіреттің сорақысы. Ошақ отын бірге жаққан жұптардың опасыздығы бақытты отбасында да кездеседі. Күні кеше бір-бірін сүйіп қосылғандар арасында да көзге шөп салу болып жатады. НЕГЕ? Жантанушылар ерлердің былайғы жүрісін түсіндірді.

1.65K (1000)Қаралымдар

Сенімсіздік – секілді бір көк тұман

Ер адам қамқор, сүйікті жар ретінде әйелін, отбасын бақытты етуге тырысады. Тырмыса жүріп, жүрегі үлкен қысымды сезінеді. Осылайша, сыртқа сырын білдірмей, іштей күйзеліп жүреді. Өз рөлін лайықты алып жүре алмаймын деп үрейленуі ықтимал. Қорқынышын сыртқа шығармай, бақытты кейіп танытып жүре береді. Нағыз бақытты сезініп, қанағаттану үшін өзіне өзгені табады. Себебі, көңілдеске аса жауапкершілікпен қараудық қажеті шамалы.

Желөкпе сезім

Еркек  тек жыныстық қатынасқа емес, ынтық сезімге де зәру. Өзін сүймейтінін, бағаламайтынын айтып әйеліне шағымдануға намысы жібермейді. Жыламсырап арыздану  азаматқа тән емес. Сырттан бөгде біреудің ілтипатына бөленгенін біліп, сезімнің жетегіне еріп кетеді.

«Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды»

Осылайша әнге қосқанымыздай, сезім –  жаңашылдықты талап етеді. Сүйетініңді білдіріп отыру – некенің адалдығына, беріктігіне кепіл. Ер адамдардың көбі өз сезімдерін сыртқа шығара алмай не өз-өзіне мойындата алмай дал болады. Ал неке – бір ғана адам алдындағы ашықтық, осалдық. Міне, олар осыдан қорқады. Әрине, өз сырын екі адамға ашқан адам тек бір жанның алдында тәуелді болып қалмайтыны белгілі.

 Махаббат құмарлық емес

Кейбіреулер махаббат пен құмарлықтың аражігін ажырата алмайды. Оның жаны отбасындағы махаббат пен тұрақтылықты ұнатады. Дегенмен, күндердің бір күнінде «өзгешелікті» қалайды. Оны шаңырағынан емес, сырттай табу оңай деген ой келері анық.

 Қалауы басқа еді

Көзге шөп салушылардың дені әрекетті жасау кезінде кінәсін сезініп үлгереді. Көпшілігі ойнас қуамын деп ойламағанын айтады.

 Дос – айна

Ер адам досының көңілдесі бар екендігін ақтап, оның себебін түсіндіре бастаса, күмәндануға негіз бар. Ол ойнастықты қалыпты дүние деп қарап, етегінде кетуі ғажап емес. «Досына қарап адамды таны», деудің жаны бар.