Hand made

Бет кремін жасай аласыз ба?

Табиғи майларды пайдалана отырып, теріге шындығында да пайлалы кремді тек өзіңіз ғана жасай аласыз. Сонымен қатар, теріні нәрлендіретін дәрумендер мен хош иістендіргішке де өз талғам тұрғыңыздан қараудың мүмкіндігі бар.

1.04K (1000)Қаралымдар

 

Бізге қажет заттар:
• балауыз, су, какос майы,бидай майы, кастор майы
• эмульгатор (су мен майды әрекеттестіруге көмектеседі)
• таразы, бұлғауыш (миксер)
• А және Е дәрумендері
• шприц, тостаған, үккіш

  1. Таразының үстіне тостағанды қойып, 5 гр какос майын өлшеп саламыз. Бір ас қасықтың мөлшері 5 гр шамасында болады.
  2. Енді бидай майынан 5 гр, кастор майынан 3 гр өлшеп, какостың үстіне қосамыз.
  3. Кремнің иісі жақсы болуы үшін табиғи эфир майларын қосуға болады. Ол сіздің талғамыңызға байланысты таңдалады.
  4. Балауызды үккіштен өткізіп, аз ғана қосамыз.
  5. Суық мезгілдерде балауызды көбірек қоссаңыз, ол суықтан қорғаныс қабатын түзетін болады.
  6. Әдетте май мен су әрекеттеспейді. Ал кремнің құрамында су болғаны дұрыс. Сондықтан 3 гр эмульгатор қосамыз.
  7. А және Е дәрумендерін майы бар тостағанға қосатын кез келді. Дәрумен теріні нәрлендіреді.
  8. Енді екінші тостағанға 40 гр су құйып, екеуін де қысқа толқынды пешке қыздырамыз. Май мен су 60°С ысуы тиіс.
  9. Ысыған суды майлардың үсіне құйып, миксермен ұзақ араластыруға кірісеміз
  10. Нәтижесінде дене терісіне арналған, үй жағдайында жасалған крем пайда болады. Табиғи күтім деген іміз – осы!