TrendСән

Былғары көйлек – cәнқойлардың сүйіктісі

587Қаралымдар

Сән әлемі күн өткен сайын жаңарып, үнемі түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Мәселен, ертеде былғары көйлек көзге тұрпайы көрініп, шектен тыс ерлер қауымының назарына ілігетін киім болып есептелсе, бүгінгінің дизайнерлері бұл сәнді жаңғыртып, сүйкімді әрі тартымды ете алған.

Былғары көйлек киген сұлу өзінің бейнесін түрлі аксессуарлармен толықтырмағаны жөн. Минимализм – былғары киімді одан бетер сәнді әрі қымбат етіп көрсетеді. Сондықтан, моншақтар мен көлемді аксессуарларға әуес болмаңыз. Lamoda, 8990 теңге

Картинки по запросу кожаные платья

Былғары көйлектің кейбір түрлерін кеңсеге де кешкілік кездесулерге де киіп баруға болады. Көйлектің ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, миди, ұзын, тізеге дейінгі көйлектер көптің жүрегін жаулары анық.

2018-2019 жылы былғары көйлекті өзге матадан тігілген киімдермен үйлестіріп кию – өте сәнді. Мәселен, жоғарыда көрсетілген қара түсті былғары көйлекті тығыз матадан тігілген ақ футболкамен киюге болады. Сонымен қатар, стрейч, шілтер маталармен де үйлестірген тартымды көрінеді. Lamoda, 15 500 теңге