Біз туралы

Кәмшат Әкімқожақызы: «Сырласу» журналының директоры, баспагері. Журналистика саласында 2004 жылдан бері еңбек етеді. Еңбек жолын «Алматы» телеарнасындағы жаңалықтар қызметінен бастап, 2012 жылға дейін «Астана», «7 арна» ақпараттық бағдарламаларында жаңалықтар тілшісі болып қызмет еткен. 2012 жылдың қаңтар айында «Сырласу» журналының бас редакторы қызметіне шақырту алып, бүгінгі күнге дейін аталмыш баспаны басқарып отыр.

Екі баланың анасы, сүйікті жар, сүйкімді келін. «Қазақ қыз-келіншектерінің бүгінгі заман ағысынан қалмауына титтей де болса үлесімді қоссам» деген ниетпен нарықтағы ең үздік әрі жалғыз қазақ тілді басылымды оқырман назарына ай сайын ұсынуды жалғастыруда.

Өмірлік ұстанымы: Қандай жағдай болса да адамдық қасиетіңнен айрылма!

Мінезі: Шыншыл, өзіне де, өзгеге де талапшыл. Екіжүзділік пен жасандылықты жаны сүймейді.

Ғазиза Тохтарбекова«Сырласу» журналының контент-менеджері, smm-менеджер. Еуразия ұлттық университетін “журналист” мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Бүгінгі таңда www.syrlasu.kz сайтының контент-менеджері және «Сырласу» журналының әлеуметік желілерін басқарушы. 

Өмірлік ұстанымы: Ойға алған ісіңіз өңбей, арманыңыз орындалмаса – қанатыңыз талмасын. Жаратушының жоспары сіз ойлағаннан да күшті!

Мінезі: Биязы. Ерекше ойлау қабілеті дарыған адамдардан үлгі алғанды ұнатады. Креативті, жан-жақты болуға тырысады.

Ирина Соколова: «Сырласу» журналының арт-директоры, дизейнер. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттының көркемсурет-графика факультетін тәмамдаған. Біраз уақыт оқытушылық қызметпен айналысқан. 2002 жылдан бастап полиграфия, жарнама, презентация мен фотосурет секілді әртүрлі салаларда дизайнер болып жұмыс атқарған. Жылтыр бетті журналдардың дизайнын құрастыру кезінде өзінің біліктілігін көрсеткен. Қазіргі таңға дейін осы сүйікті ісімен айналысуда. 2014 жылы MediaLink баспасына, «Сырласу» журналының арт-директоры қызметіне шақырту алған.

Ирина: Менің ересек үш балам және бес немерем бар. Отбасыма және сүйікті ісіме толықтай берілуге тырысамын.

Өмірлік ұстанымы: Ешқашан ештеңеге өкінбеу! Тек алға қадам басып, өзін-өзі жетілдіру.

Гүлназия Әбуова: «Сырласу» журналының редакторы. Алматыға арман қуып келген ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология және әлем тілдері» факультетін тәмәмдаған. Негізгі мамандығы филолог болғандықтан, журналистика саласына терең үңілу мақсатында 2015 жылы «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы жанындағы «Media school» журналистика мектебінде білім алады. Сол жерде өз ісінің мамандарымен танысып, журналистиканың қазанында қайнаған ұстаздың көзіне түсіп, ұсыныс арқылы «Айгөлек» республикалық балалар журналына хатшы болып кіріп, аға редактор, одан кейін жауапты хатшылық қызметін атқарады. 2018 жылы хабарландыру бойынша «Сырласу» журналына келіп, тағылымдамадан өтіп, екі қыздан іріктеліп редакторлық қызметке тағайындалды.

Өмірлік ұстанымы: «Адалдықпен бірі жеткен жетістікке екіншісі де жете алады».

Мінезі жайдары, ұйымшыл, мақсатына жетпей тынбайды. Дарынды, табысқа жеткен жандардың өмірбаянын оқығанды ұнатады.