ДенсаулықСаулық үшін

Вирустың алдын ал!

Ешкімнің ауырғысы келмейтіні анық. Дегенмен де, суық тиіп, мазамызды алатын вирустардың таралатын мезгілі туатыны анық. Ресейлік танымал дәрігері Евгений Комаровский вирустардан қалай сақтануға болатындығын және оны жұқтырған жағдайда қалай емделу керектігін айтады.

413Қаралымдар

Вирустың алдын-алу

1. Егер екпе салдыру мүмкіндігі болса салдырыңыз. Бірақ оны салдыру үшін ұзақ уақыт бойы бір топ адам арасында қаз-қатар кезек күтіп отырудың қажеті жоқ. Алайда қолжетімді вакциналар тұмау вирусының барлық түрінен қорғайды.

2. Ешбір дәрі немесе халық емі бұл жағдайдың алдын алуға көмектеспейді. Яғни, ешқандай пияз, сарымсақ, спирт және дәрі-дәрмектер тыныс алу жолдары вирусынан, әсіресе, тұмау вирусынан қорғай алмайды. Бұл айтылған «емдік заттар» адам санасындағы «бір нәрсе жасау керек» деген ұғымды ғана қанағаттандырады. Сондай-ақ олар тек адам психотерапиясына әсер еткенде ғана пайдалы болмақ.

3. Вирустың таралу көзі – адам, тек қана адам. Адамдар неғұрлым аз жүретін орта болса, вирус жұқтыру мүмкіндігі де соғұрлым аз. Сол үшін үйге қайтар алдында супермаркетті тағы бір аралап шығудың қажеті жоқ.

4. Масканың пайдасы бар екені рас, бірақ ол бар бәледен сақтайтын құрал емес. Оны негізінде қасында сау адамдар тұрғанда науқас адамдар ғана таққаны жөн. Ол вирусты толық ұстап тұрмайды, бірақ жұғуы мүмкін вирустық сілекей тамшыларынан қорғайды. Ал вирустан сау адамдарға маска тағудың мүлдем қажеті жоқ.

5. Науқастың қолы да ауыз бен мұрыннан кем түспейтін вирус көзі болып табылады. Науқас адам қолымен бетін ұстаса, вирус бетіне түседі, одан кейін ол қолымен айналаның барлығын ұстайды. Ал сіз онымен бір рет қана қол алысып, амандасу арқылы өзіңізге ЖРВИ-ді (жедел респираторлық-вирустық инфекциялар) қабылдап аласыз. Сондықтан мүмкіндігінше бетіңізді ұстамауға тырысыңыз. Қолдарыңызды жиі жуып, өзіңізбен бірге дымқыл дезинфекциялаушы гигиеналық сулық алып жүріңіз.

6. Ауаның таза болуын қадағалаңыз. Вирустық бөлшектер өз белсенділігін құрғақ, жылы және жылжымайтын ауада ұзақ уақыт бойы сақтайды. Ал салқын, ылғалды және қозғалыстағы ауада тез тарайды. Бөлмедегі ауаның оңтайлы параметрлері: температура шамамен 20 °С, ылғалдылығы – 50-70% болғаны жөн. Үй-жайларды жиі және қарқынды желдетіп отыру қажет. Ал далада қалағаныңызша тыныстауға болады. Жаяу жүру кезінде вирусты жұқтырып алу мүмкіндігі жоқ.

7. Жоғарғы тыныс алу жолдары үнемі шырышты болып келеді. Шырыш – тыныс алу жолдарындағы иммундық жү-йе қызметін атқаратын шырышты қабықты қорғайды. Егер шырыш пен шырышты қабық құрғап кететін болса, иммундық жүйе қызметі бұзылады. Онда әлгі вирус-тар қорғаныш кедергісін оңай бұзып, адамға айтарлықтай зиянын тигізеді. Сондықтан шырышты қабықты ылғалдандырып тұрыңыз. Ол үшін дәріханадан арнайы тұз ерітіндісін сатып алуға немесе үйден өзіңіз дайындап тұтынуға болады (1 литр қайнатылған суға  1 шай қасық тұз саласыз).

Емделу жолдары

1. Бөлмені салқын немесе ылғалды температурада ұстап, жылы киіну. Еденді қайта-қайта жуып, ауаны ылғалдандырып, бөлмені жиі желдетіп тұру.

2. Науқастың тәбеті тартпаса, «тамақ іш» деп зорламаңыз. Егер сұраса, жеңіл-желпі сұйық тағамдар беріңіз.

3. Мүмкіндігінше сұйықтықты көп ішу. Сұйықтықтың температурасы дене температурасымен тең болуы керек. Судан басқа  шырын, морс, шәй немесе мейіз бен кептірілген өрік қайнатпасын беруге болады. Ішуге ең жақсысы – ағзадағы сұйықтықты толтыруға арналған арнайы ерітінділер (регидрон, гастролит, нормогидрон және т.б.).

4. Мұрынды тұз ерітіндісімен қайта-қайта шаю.

5. Жоғары температураны түсіру үшін тек қана парацетомол немесе ибупрофенді қабылдаңыз. Ал аспиринді мүлдем қолданбаңыз.

6. Жоғарғы тыныс алу жолдарын (мұрын, тамақ, кеудеше) емдеуде қақырық түсіретін дәрі-дәрмектің еш қажеті жоқ. Олар жөтелді одан сайын күшейтеді. Ал төменгі тыныс алу жолдары (бронхит, пневмония) зақымданғанда, өздігіңізден емделу туралы мүлдем ойламаңыз.

7. Вирустық инфекциялар антибиотиктермен емделмейді. Олар емдеудің орнына, аурудың одан сайын асқынып кету қаупін тудырады.

8. Барлық белгілі бір мүшеге немесе ішке қабылдауға арналған антивирустық препараттар – қолдану тиімділігі дәлелденбеген өнімдер.

9. Гомеопатия – бұл, негізінде, «бірдеңе істеу керек» деген психотерапиядан туындаған, қауіпсіз әдіс.

Дәрігердің көмегіне жүгінетін жағдайлар

Дәрігердің көмегі бізге қашанда керек-ақ. Бірақ оның кез келген жерден табыла кетуі мүмкін емес. Сондықтан дәрігердің көмегі өте қажет болатын жағдайларды қарастырамыз:

Аурудың төрт күн дегенде беті қайтпаса;

  • Жетінші күнге қарағанда науқастың дене қызуы көтерілсе;
  • Науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін қайта нашарласа;
  • ЖРВИ-дың жеңіл белгілері байқалып, айтарлықтай ауырлықты сезінсе;
  • Терінің алаланып, бозаруы, шөл қысу, тыныстың тарылуы, ауырсыну белгілері, тамақтың іріңдеуі;
  • Жөтелдің күшеюі, тынысы тарылып, жөтел қысуы;
  • Дене қызуы көтеріліп, оған қарсы парацетамол, ибупрофен дәрілері көмектеспесе, не өте баяу әсер етсе  дәрігер көмегіне жүгінген абзал.

Есте сақтаңыз!

Емделуде қандай да бір тәсілді қолданудың вирус атауына еш қатысы жоқ. Ол бір мезгілде ғана пайда болатын немесе шошқа, тауық, пандемия тұмауы, тіпті тұмауға қатысы жоқ басқа вирус болуы мүмкін. Ең бастысы, ол – ауа тамшылары арқылы тарап, тыныс алу жүйесіне зақым келтіретін вирус.

Евгений Комаровский,

Педиатр әрі жоғары санатты дәрігер,

медицина ғылымдарының кандидаты,

«Дәрігер Комаровтың мектебі»

телехабарының жүргізушісі