Бала саулығыДенсаулық

Вирусты тиімді емде!

164Қаралымдар

Қыс мезгілі келісімен суық тию мазамызды алатыны жасырын емес. Бұрындары суық тиюге аса көңіл бөле қоймасақ, қазір қарапайым тұмаудың өзіне көз жұма қарай алмайтынымыз рас. Себебі ақ халаттылар тұмаудың ары қарай короновирус індетіне жалғасып кетуін айтып дабыл қағуда. Олай болса суық тию мен тұмауды асқындырып алмау үшін не істеуіміз керек? Ересектер мен балаларды емдеуде қандай ерекшеліктер бар? Бұл туралы терепевт дәрігерден сұрап білген едік.

Жұлдыз Болатқызы,  Терапевт дәрігер

Бүгінде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ешкімді аямайды. Бұл – вирустардың өз құрылымын өзгерте алуымен тікелей байланысты. Нәтижесінде мутацияланған вирус адамға қайта жұғады. Осылайша, тұмаудан айыққан адамда иммундық тосқауыл пайда болады, алайда өзгеріске ұшыраған жаңа вирус оның бойына қайта оңай енеді. Себебі ағза оған қарсы иммунитетті әлі қалыптастырып үлгермеген. Сәйкесінше бұл тұмау мен ЖРВИ-дің алғашқы белгілеріне көз жұма қарауға болмайды деген сөз.

ЖРВИ-дің алғашқы белгілері

Қоздырғыштың нақты түріне байланысты ауру белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Олар:

  • Ең әуелі адамның дене температурасы жоғарылайды.
  • Қалтырау, әлсіздік, бас ауруы, бұлшықет ауыруы байқалады.
  • Науқастың тәбеті төмендеп, жүрегі айнып, құсуы мүмкін
  • Конъюнктивит, диарея пайда болуы ықтимал.

Ауру шамамен 5 күнге созылады. Егер дене қызуы сол күйі түспесе, ауру одан әрі асқынуы ықтимал.

Ересектердегі ЖРВИ

  • Ең әуелі жұтқыншақтың шырышты қабығының ауруы пайда болады. Салдарынан алғашқы күні-ақ адамның тамағы ауырып, шырышты қабығы жыртылғандай күй кешеді.
  • Жоғарғы тыныс жолдарының барлық шырышты қабаттары біртіндеп ісініп, мұрын бітеледі. Адам түшкіріп, тамағы қыши бастайды.
  • Көздің шырышты қабаты қабынып, нәтижесінде жасаурап, көз былшықтануы пайда болады.
  • Көмей мен кеңірдек ісініп, құрғақ жөтел пайда болып, адамның даусы өзгеруі мүмкін.

ЖРВИ кезінде қауіпсіздік шаралары ·       Қолыңызды жиі және мұқият жуыңыз·       Жөтеліп жүрген адаммен уақытша байланыспаңыз·       Салауатты өмір салтын ұстаныңыз ·       Сұйықтықты көп ішіңіз·       Бөлмеңіздің ауасын тазартып отырыңыз·       Қоғамдық орындарға жиі бара бермеуге тырысыңыз·       Қоғамдық орындарда жүргенде маска тағыңыз·       Бетіңізді, көзіңізді, мұрныңызды жуылмаған қолмен ұстамаңыз

ЖРВИ-ді қандай препараттармен емдейміз

Бүгінгі таңда дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің түр-түрі ұсынылады. Десе де, тұмауға қарсы препараттар ауруды қоздырғыштарға әсер етпейді. Сондай-ақ, антибиотиктер де вирустарды жеңе алмайды. Тамақ ауруы кезінде жергілікті бактериалды флораның қозуына жол бермейтін антисептиктерді қолданған абзал. Қазіргі таңда нарықта олардың сан түрі бар. Солардың бірі – «Гексализ» препараты. «Гексализ» – ауыз қуысы мен тамақ ауруларындағы микробтарға, вирустарға және қабынуға қарсы әсері бар жергілікті қолдануға арналған бірегей франциялық препарат. Гексализді құрайтын компоненттер қабынуға қарсы, ауруды басатын және вирусқа қарсы әсері бар. Сондықтан, Гексализді қабылдау арқылы сіз вирустармен де, патогендік микробтармен де тиімді күресіп, сонымен бірге жергілікті иммунитетті жоғарылатасыз.

Гексализдің рецептсіз ұсынылуы оны тамағы мен ауыз қуысы қабынып ауырғандардың барлығына қол жетімді етеді. Гексализ тамақтың қарлығуын, қызарғанын, жұтқыншақ пен көмейдің ісінуін басып, ауырсынуды қойдырады.

Препарат ауыз қуысындағы жараны жазады және жараны тазалаушы қасиетке ие. Сол себепті тамақ қуысындағы жараларға және ауыз қуысына ота жасағандарға да ұсынылады. Баса айта кететін жайт, Гексализ ауыз қуысының қалыпты микрофлорасына кері әсер етпейді.

Балалардағы вирустық инфекция Статистика бойынша, алты жасқа дейінгі балалар жылына орта есеппен 6-8 рет ЖРВИ-мен ауырады. Әсіресе, қыркүйек-сәуір айлары аралығында инфекцияны жұқтыру еш қиындық туғызбайды. Балабақшаға баратын кішкентай бүлдіршіндер үйде тәрбиеленетін балаларға қарағанда ЖРВИ-мен жиі ауырады. Демек, карантиннен кейін есігін айқара ашып, қызметіне кіріскен балабақшаларда вирус жұқтырғандар саны күрт артуы мүмкін. Бұл орайда ата-ана не істеуі керек? Ауру белгілері байқалған жағдайда балаларды өз бетінше емдеуге кеңес берілмейді. Абзалы дер кезінде дәрігер шақырту. Дегенмен ЖРВИ-ді емдеудегі негізгі процедураларды үйде жасауға болады. Мәселен, бөлмені жиі желдету, жылы су, морс, компот, сорпа секілді сұйықтықты жиірек ішу. Олар бала ағзасындағы токсиндерді жоюға көмектеседі.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баланың дене қызуы 38,5°C-тан аспаса, температураны басуға арналған препараттарды қолдануға кеңес бермейді. Себебі қалтырау дененің ауруға қарсы қорғаныс реакциясы болып табылады. Жоғарғы дене қызуы вирустардың және басқа микроағзалардың көбеюіне жол бермейді. Дейтұрғанмен, кейбір жағдайда ағза қатты әлсіреп, қосалқы аурулар еселеніп кетсе, температураны төмендету керек.

Балалардағы вирустық инфекцияның негізгі белгілері:  · 

Дене температурасының 37 ° C-тан жоғары көтерілуі.  ·       Түшкіру, тыныс алу және мұрыннан су ағу. Мұрын қуысынан тамақтың артқы жағымен аққан шырыш жөтелді тудыруы мүмкін.  ·       Әлсіздік, тамақтан бас тарту, мазасыздық, нашар ұйқы.

Балаларды емдеу жолдары

ЖРВИ кезінде бала үйде педиатрдың бақылауымен емделеді. Ең әуелі, өзгелерден оқшауланып, физикалық белсенділікті төмендету қажет.

Тамақтың инфекциялық қабыну аурулары кезінде жергілікті дәрілермен емдеуді бастау керек. Осы орайда «Гексаспрей» өнімін атап кетуге болады. Гексаспрей – ауыз қуысының, жұтқыншақ пен көмейдің инфекциялық қабыну ауруларын емдеудің үш еселі әсері бар франциялық препарат. Ол ауырсынуды, қабынуды басады және тамақ ауруын емдейді. Гексаспрей бактерияға, қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсерге ие. Гексаспрей мүлдем қауіпсіз дәрі, оны үш жастан бастап балалар мен барлық ересектер қолдана алады.