Жан әлеміӨзіңді дамыт

Демалуға кедергі келтіретін 5 нәрсе!

1.43K (1000)Қаралымдар

1. Темекі шегу. Көптеген адамдар “темекіні күйзелістен арылу үшін шегемін” деп өздерін жиі ақтайды. Алайда, темекі – артерия мен қантамыр жолдарын бітеп, миды улайды. Нәтижесінде адамның ойлау қабілеті тежеле бастайды.

Шешімі: Егер сіз темекіге құмар болсаңыз, бұл жаман әдеттен құтылуға асығыңыз. Өзіңіздің қолыңыздан келмесе, достарыңыз бен жақындарыңыздың көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Ол да көмектеспесе, арнайы маманның қабылдауына жазылыңыз.Картинки по запросу недосып2. Жеткіліксіз ұйықтау. Адамның ұйқысы қанбаған сайын өмірге өкпе-реніші көбейіп, үнемі ызалы жүреді. Одан бөлек, ұйқысыздық – өнімді еңбек етуге тікелей кедергі келтіреді.

Шешімі: Қолыңыздағы ұялы телефоныңызды өшіріп тастаңыз. Жақындарыңыз сізді керек жеріңізден өздері-ақ тауып алады. Одан да, төсегіңізге жайғасып, көзіңіз бен миыңызды тынықтырыңыз.Картинки по запросу загруженность3. Жұмысбастылық. Көп адамдар бастарындағы “келелі” мәселелерден арылу үшін, жаман дүниелерді ойламайын деп жұмысқа басымен сүңгіп кетеді. Есіңізде болсын, адам ең үлкен қателіктерді шаршаған күйде жасайды.

Шешімі: Көп іс тындырамын деп, сапасыз жұмыс істеп жүрмеңіз. Үзіліс кезінде уақтылы тамақтанып, 15 минут таза ауада серуендеп қайтыңыз.Картинки по запросу шоппинг4. Шоппинг – релакс. Құрбыңыз сізге: “Дүкен аралап, шаршағанымды да сезбей қалдым”, – дейді. Дегенмен, абайсызда желге ұшқан ақша көңілді көтертіп, жанға жылу сыйлауы екіталай. Дүкен аралауға уақытыңыз, ақшаңыз бен энергияңыз кететінін естен шығармаңыз.

Шешімі: Сатып алған дүниелеріңіз ертең сізге керексіз болып қалмай ма? Осы жайында ойланыңыз. Ақшаны ақылмен жұмсап, үнемді болған артық етпейді.  Картинки по запросу переедание5. Тамақтанудың шегін білмеу. Америкада екінің бірі күйзелістен арылу үшін тамаққа әуестене бастайды екен. Ал әрбір 3 күн сайын 1 адам асқазан ауруынан көз жұмады.

Шешімі: Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, күнделікті дұрыс тамақтанып, тұрақтылық сақтаңыз. Бір күні сағат сайын тамақ ішіп, екінші күні диета ұстап, аш отырудың қажеті жоқ.