Бет күтіміСұлулық

ДЕМАЛУ ХАҚЫ

868Қаралымдар

Демалыстың әріңіз үшін маңызы қандай?

Өз-өзін дамыту мен қаржылық тәуелділігіміздің ақысы ретінде жұмыста біз үнемі күйзеліс үстінде жүреміз, біле білгенге ол – сұлулығымызға деген қастандық. Онымен күресудің басты жолы – бәрін тастап, экологиялық тұрғыдан ең таза жер – ауылға қашып кету. Егер бұл әдіс сізге мүлде ұнамаса, онда кәсіби мамандардың ұсынатын қағидаларын ұтымды пайдаланыңыз.

 

Ұйқыдағы ару

Түнгі уақытта бет терісінің жасушалары белсенді түрде қалыпқа енеді. Егер бетіңізге көмек көрсеткіңіз келсе, түңгі процедураларды қолға алыңыз.

  • Жұмыстан үйге келгенде қатты шаршап тұрсаңыз да, бет терісінің тазалауға 5 минутыңызды арнаңыз! Косметологтардың пікірінше, макияжды сауатты түрде теріден кетіру – ылғалдандырғыш немесе нәрлендіргіш крем жаққаннан да аса маңызды іс. Бет терісі құрғақ әйелдер суды қажет етпейтін арнайы бет тазалағыш сүт немесе кремді қолданған абзал. Май бездері үлкен шеттен тыс белсенділік танытқан жағдайда теріні терең тазарту қажет. Мәселен, гель немесе құрамында аз ғана пайыздық мөлшермен салицил қышқылы бар көбікті суды қолданған жұрыс.
  • 30 жастан кейін ұйықтар алдында бет терісіне арналған құралдарды пайдалануға тырысыңыз. Күндізгі кремдерге қарағанда, түнгі кремдер қалыпқа келтіргіш және нәрлендіргіш қоспаларға бай болады, ұйықтап жатқанда қажетті дәрумендердің орнын толтыруға барынша зор мүмкіндік алады.
  • Бет тазарту кезінде көздің айналасына өте мұқият болу қажет. Күні бойы жүргенде бетке ғана емес, көздің астына да майлар жиналады. Оттегімен әрекеттесу барысында ол қышқылданады да, қарая бастайды. Міне, содан ерекше көрінетін дөңгелектер пайда болады. Болашақта мұндай бәлеге душар болмау үшін – тушь пен көз бояғын ережеге сәйкес арнайы құралдармен сүрту қажет. Себебі, олар косметикалық бояқтарды ерітіп, сезімтал теріні зақымдамайды.
  • Ауа ылғалдандырғыш құрғақтыққа жол бермей, теріге гидробалансты сақтап тұруға көмектеседі. Әсіресе, қыс мезгілінде ауаның ылғалдығына аса мұқият көңіл бөлу керек.
  • Ұйықтар алдындағы ішкен бір кесе шайыңыз азанда бетіңізді сүйкімсіз ісікке айналдырары хақ. Ұйықтар алдында 2-3 сағатқа дейін сұйықтық ішпеуге тырсыңыз.

Маска жасаудың қағидалары

Бет әрлеушілер мен косметологтардың қоймасында шаршағанның орнын әп-сәтте жоқ ететін көптеген айла-әрекеттері бар.

 

  • Термо сулар мен дәруменді арнайы шашқыш құралдар (спрей) – талмай жұмыс істейтін әйелдер үшін таптырмас дүние. Әп-сәтте теріні ылғандандыра отыра балғындық сыйлайды, макияжды нығайтып, беттегі май жылтырларын жояды. Өзіңізбен бірге кішігірім баллонын алып қойып, қажеттілігіне қарай күнделікті пайдаланыңыз!
  • Қабыршақтанып, түлейтін кезді де жадыңыздан шығармаңыз! Тері бетіндегі өлі жасушаларды жою арқылы сіз бетіңіздің бұрынғы реңіне одан әрі шырай қосасыз. Қобдишаңызда әрқашан скраб немесе гоммаж сынды құралдар болуы тиіс. Бетіңіз қабыршақтанғаннан кейін С дәрумені бар масканы пайдаланыңыз. Бұл бетке ашық рең беріп, кескінді түзейді және ісікті қайтарады.
  • Макияж алдындағы негізді пайдалану керемет сұлулық туғызады. Беттің кескінін түзету үшін қызғылт және күлгін түсті пигменттік құралдарды таңдаңыз. Олар бет-әлпетті түзейді және терінің түсіне балғындық сыйлайды. Әрлеудің классикалық тәсілі – беттің алдыңғы жағын бояу (маңдай, жақ сүйек, иек). Сондай-ақ, жеңіл ғана бетті жайнату үшін негізді беттің барлық бөлігіне жағу артық етпейді.
  • Корректор немесе консилер – беттегі қара шеңберді жасырудың керемет тәсілі. Бетіңіздің реңінен бір деңгей ашығырағын таңдаңыз, қабағыңыздың астыңғы бөлігінен бірнеше жерінен нүктелеп, мұқият жағыңыз!
  • Румяна бет терісін балғын әрі сергек күйде көрсетеді. Реңі ашық әйелдер қауымы үшін жеңіл алқызыл түсті жағу керек, ал қара торы қыздарға қанығырақ және жылы реңді түстерді пайдаланған абзал. Мәселен, өрік түсті немесе ашық сары түстер.
  • Жарқырайтын әр беретін хайлайтер және опалар – теріге жарықтық сыйлап, ұсақ кемшіліктерін жасыруға арналған бірден-бір құрал. Бет сүйегінің жоғарғы Т бөлігіне және қастың астыңғы тұсына хайлайтерді қолданады, ал опа – маңдай, бетке және мойынның астыңғы жағына пайдаланады.
  • Түнгі әдемі сауық кештен кейін таңертең көзіңізді дұрыстап бояңыз. Егер де көзіңіз ісіп тұрса, кірпік тұсын арнайы қара сүрмемен (подводка) сызыңыз – анық пішін шаршағанды жасырады.

Сенімді қолдарда

Ұдайы ұйқы қанбаушылық пен күйзеліс кезінде арнайы мамандарға барған жөн. Сұлулық салондары балғын қалыпқа келудің қызықты тәсілдері табылатыны сөзсіз және ол сізге көмектеседі.

  • Қан айналымын жақсарту

    Қанның реттелген микроциркуляциясы – жасуша қабығын оттегі және нәрлендіруші құралдармен жабдықтап, ағзадағы токсиндер мен артық сұйықтықтарды уақытылы шығарады, ал бұдан шығатын қорытынды – шымыр, эластикалық және жарқын жүз көпке дейін сақталады. Нені таңдаймыз: бет терісіне арналған классикалық массаж бен микротоқтар, ультрадыбыстық терапия қалаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сізге нақты қайсысын пайдалану керек екенін косметолог маманы сіздің теріңіздің жағдайы мен сипатына қарай кеңес береді.

  • Қатаң да салмақты тәсіл

    Беттің реңін түзетуге арналған тағы бір мысал – кәсіби пилинг (ережеге сәйкес химиялық немесе энзимдік). Ағзадағы ферменттер немесе қышқылдар беттегі қаптаған жасуша қабығын жоюға керемет көмектесіп қана қоймай, бетті ағартуға, сондай-ақ, коллагендерді өндіре отырып, теріні қайта қалыпқа әкелу процесінің жүзеге асуына себепші болады. Әдетте жоғарғы пилинг курстары 5-7 сеанс бойынша өткізіледі. Мезотерапияны да естен шығармаңыз, өйткені осы процесс кезде терінің астына С дәрумені енеді. Кімде-кім инъекция жіберу процесін көтере алмаса, инесіз мезотерапия мен фонофорезді қолданса болады.

  • Шапшаң қолдарға

    Әп-сәтте өзіңді ретке келтіру үшін кәсіби емдік маскалардың көмегі ерекше. Олар теріні тек ылғалдандырып, бет реңін түзетіп қана қоймай, сондай-ақ лифтингтік әсер береді. Маска бетке біркелкі тегіс жағылады да, 15-20 минуттан кейін кеуіп, гипс тәрізді теріден сыпырылып алынады. Мұндай шаралардың алдын лимфосіңіргіштік күтім арқылы алуға болады. Жапондық тәжірибені іске асырсаңыз, теріге лимфосіңіргіштік массаж арқылы сарысуды ретімен бірнеше қабат жағады. Құрамында арника мен несепнәр өсімдігі бар азықтар артық сұйықтықты сыртқа шығаруға көмектеседі. Бір жақсысы, сауықтыру шаралары көп уақытты қажет етпейді, бар болғаны түскі үзіліс кезін пайдалансаңыз да болғандай.

5 минуттағы балғындық

Күні бойы жұмыстан шаршап немесе мазасыз түндерден соң бет терісіне балғындық пен демалған адамның реңіндей әр беретін үй жағдайында шапшаң қолдана қоюдың бірнеше әдіс-тәсілдер бар. Бұл – сұлулыққа апарар бірден-бір жол!

  • Салқын сумен жуыныңыз. Жылы судан бет өз серпінділігін жоғалтады.
  • Түймедақ қайнатпасын дайындап, арнайы қалыпқа құйып, мұздатқышта қатырыңыз.
  • Макияж жақпас бұрын арнайы дайындалған мұз кесектерімен бір сүртіп алсаңыз, терінің қуаты мен қан айналымын күшейтеді.
  • Көздің астындағы пайда болған дорбашалардан кішкентай бір реттік пакеттегі шай жақсы көмектеседі, үккіштен өткізілген картоптан жасалған арнайы маска көздің қызарғаны мен қою қара шеңберін біржолата жоқ қылады.
  • Сондай-ақ, жеміс-жидек пен көкіністерден әзірленген маскалардың әсері ерекше. Әсіресе, ашық рең беру тәсілдерінде. Егер де сіздің теріңіз аса сезімтал емес, нәтижесіне тез қол жеткізгіңіз келсе, маскаңыздың құрамына бір шымшым ас содасын қоссаңыз да болады.