News

“Денис Тен – ұлы шоу” деректі фильмі экранға шықты

Жуырда Bekmambetov Cinema-да Денис Теннің «Денис Тен – ұлы шоу» атты деректі фильмінің тұсау кесері болып өтті.

130Қаралымдар

Фильм Алматы мен Астана қалаларында болып өткен «Денис Тен және достары» мұз шоуның дүниеге келуі жайында сыр шертеді. Идеяның туындауынан бастап, оның іске асуына дейінгі процессті толықтай баяндайды. Хореография, музыкалық сүйемелдеу, қойылымның бүге-шүгесін көрерменге паш ету – фильмнің басты мақсаты болды. Денис аталмыш шоуға мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондарын шақырған болатын. Фильмнің әрбір сәті үшін Денис Тен өзі талмай жұмыс істеген.

Деректі фильмінде көрермен әлемдік деңгейдегі спортсмендермен өткен сұқбаттарға куә болады.

Фильмнің авторы Денис Тен. Әннің және әуеннің авторы да спортшының өзі.

Фильмнің көрсетілімі” Bekmambetov Cinema ” – да 2019 жылдың 23 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өтеді.

Айта кетелік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың жазында автоұрылардың қолынан қаза тапты.