Сырласу
ДенсаулықСаулық үшін

Денсаулығың өз қолыңда! Жатыр мойны қатерлі ісігімен қалай күресеміз? 

Жасыратыны жоқ, қыз-келіншектеріміз өзінде бар дерт туралы ауруы жанына батқанда ғана дәрігердің қарауына келіп, індеті жайлы біліп, төбесінен жай түскендей күй кешіп жатады. Жатыр мойны қатерлі ісігін I, II сатысында анықтап, емдеген жағдайда құлан таза айығуға болады. Тек III, IV кезеңіне өткізіп алмасаңыз болғаны. Сонымен, жатыр мойны қатерлі ісігі неден, қалай пайда болады? Оны болдырмаудың жолдары қандай?

189Қаралымдар

Жатыр мойны қатерлі ісігінің алғашқы белгілері:

Кез келген қатерлі ісік ешқандай белгісіз дамитындығымен қауіпті. Соңғы сатысына дейін еш белгісіз адам ағзасын қаузайтындықтан әр адам өз денсаулығына жылына бір рет зейін аударып, инфекциялар мен вирустарға қан тапсыруы тиіс. Қыз-келіншектер жылына бір рет гинеколог маманға барып, қынап жолдарын тексертуі шарт. Себебі, жатыр мойны қатерлі ісігін ең алғашқы болып тек гинеколог маман ғана анықтайды. Белгілеріне келер болсақ – етеккірден тыс, жыныстық қатынастан кейін жыныс жолдарынан қан бөлінулер.

Алдын алу шаралары:

Бүгінгі таңда дүниежүзі бойынша жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдықтыратын адам вирусы папилломасы екендігі дәлелденіп отыр. Алдын алу шарасы бойынша неміс ғалымы Харальд цур Хаузен адам папиллома вирусына қарсы вакцина ойлап тауып, осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алған. Негізінде, папиллома вирусының жүздеген түрі болады. Соның 14 түрі қатерлі ісік тудырады. Мамандардың айтуы бойынша болашақта жатыр мойны қатерлі ісігін тудырмас үшін алғашқы жыныстық қатынасқа дейін, яғни, 9-12 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасына қарсы вакцина ектірген абзал. Ал егер жасыңыз біразға келіп қалған болса, адам папилломасының 16 және 18 түріне қан сараптамасын тапсырып, тексеріліп көріңіз. Ағзаңызда айтулы «қатерлі» вирус болса, онда тек жыл сайын сараптама жасап, гинеколог маманға қаралып тұрасыз. Ал, азғаңыздан бұл вирус табылмаса, екпе жасатып алуыңызға әбден болады. Вакцинаның әсері он жылға жетеді.Похожее изображение

Жалпы жатыр мойны ісігі бұрын тек 35 жастан асқан әйелдерде кездесетін, ал қазір 26 жастағы қыз-келіншектердің өзі бұл дерттен көз жұмуда. Сондықтан, дұрысы – әрбір әйел жыл сайын дәрігерге барып, онкоцитологиялық тексерістен, дәлірек айтсақ, ПАП-тесттен өтуі тиіс.

Жатыр мойны ісігі тұқым қуалай ма?

Қатерлі ісіктің көптеген түрлері тұқым қуалауға бейім. Десе де, жатыр мойны қатерлі ісігі аналық без немесе сүт безінің қатерлі ісігі секілді тұқым қуаламайды. Ол тек жыныстық қатынасқа байланысты серігін жиі ауыстыру, ерте жыныстық қатынасқа түсу, жоғарыда айтып кеткен инфекцияларды ұқтырып алу сияқты жайттармен ғана келеді.

Елеусіз аурулар

Екі әйелдің бірінде жатыр мойны эрозиясы, іріңді ісік, миома, жатыр мойнының жыртылуы кездеседі. Егер осындай жайттар басыңызда болса оны елеусіз қалдырмаңыз. Өз денсаулығыңызға тек өзіңіз жауаптысыз. Көптеген дәрігерлер эрозия анықталған жағдайда бірден күйдіруге кіріседі. Сондықтан дәрігеріңіз «күйдіру қажет» десе, алдымен онкоцитологиялық талдау жасауын талап етіңіз. Бірден күйдіруге ешқашан келісім бермегейсіз.Картинки по запросу шейка матки красивые картинки

 Жатыр мойны қатерлі ісігімен ауырған әйел бала көтере ала ма?

Егер әйел аурудың алғашқы кезінде дәрігерге жүгінсе, оның жатырын сақтап қалуға болады. Яғни, ісік тұрған жерді ғана кесіп алып тастайды. Тіпті, ең алғашқы сатысында анықтаса, бала көтеру мүмкіндігі де жоғары. Тек алғашқы екі жылға дейін жүктілікке рұқсат бермейміз.

Құқықтарыңыз қандай:

Жергілікті емханаңыздағы гинеколог маманға тегін қараласыз. Егер «қатерлі ісік бар» деген күдік туындаса дәрігеріңіз портал бойын-ша жергілікті онкодиспансерге жолдама береді. Онда сіз онколог маманның қарауын, онкоцитологиялық сараптама жасауды, кейінгі ем шаралардың барлығын тегін ала аласыз. Тек жоғарыда атап өткен инфекциялар әлі де тегін алатын қызметтерге енбегендіктен, вирустар мен инфекцияларға қан тапсыру ақы-лы болмақ. Ал, жүкті әйелдерге көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін.

Жатыр мойны ісігінің пайда болу себептері:

Жатыр мойнының қатерлі ісігін алып келуге көптеген факторлар әсер етеді. Ең алғашқы себебі – иммундық жүйе әлсіреген кезде адам ағзасындағы инфекциялар мен вирустар ұйқыда жатқан рак жасушаларын оятып, ағзадағы әлсіз мүшеге шабуыл жасауынан басталады. Сондықтан ең алдымен түрлі инфекциялар мен вирустардан құтылыңыз.

Ол қандай вирустар:

  • адам папилломасы вирусының 16 және 18 түрі (АПВ)
  • хламидия
  • кандида
  • трихоманиаз
  • цитомегалавирус
  • жай герпес вирусы-2 серотип

Айтулы инфекциялар мен вирустар әйелге тек жыныстық қатынас арқылы ғана беріледі. Вирусты тасымалдаушы адаммен болған бір-ақ реттік жыныстық қатынас сіздің ағзаңызды да улайды. Ағзаға келген бұл вирустар адам бойында бірнеше жылдар бойы еш белгі берместен, үнсіз «өмір сүреді».Картинки по запросу шейка матки красивые картинки

Бұдан өзге қатерлі ісікке алып келетін факторларға мыналар жатады:

  • жатыр мойны эрозиясы
  • босанудан кейінгі жатыр мойнының жыртылуы
  • жыныстық қатынасты ерте бастау
  • белсенді ретсіз жыныстық қатынастар
  • дұрыс тамақтанбау
  • ішімдік пен темекі шегу де үлкен әсер етеді.

Қорытынды:

Адам қаншалықты әртүрлі болса, дәрігерлер де сондай. Сол себепті денсаулығыңызды өз қолыңызға алып, дәрігер есігін тоздырудан шаршамаңыз! Дәрігер қажет деп таппаса да вирустар мен инфекцияларға қан тапсыруды талап етіп, кез келген қынап ауруларын емдетуден бұрын сараптама жасап алыңыз.

Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Толқын Тәждинқызы Садықова

ҚазОРҒЗИ-ның онкогинеколо