News

Domestos дәретхана мәселесімен күресуде

Жуырда Алматы қаласында ерекше іс шара өтті. Шара дүниежүзілік дәретхана күніне арнайы ұйымдастырылды. Кішігірім конференцияда мектептердегі дәретхана мәселесін шешу жайында сөз қозғалды.

422Қаралымдар

2012 жылдан бастап Unilever компаниясы мен Domestos бренді бірігіп, маңызды мәселені шешуге ат салысуда. Осының арқасында, бүгінгі күні 10 миллионға жуық адам таза әрі қауіпсіз дәретханаларға қол жеткізді. Бренд елімізде мектептегі тазалық мәселелерін көтеру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. 2016 жылдан бастап жыл сайын мектептердердегі дәретханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тазалық пен гигиенаны сақтау үшін Domestos жылдық қоры тегін берілуде. Мектеп қызметкерлері үшін арнайы тренингтер өтіп, оқушыларға тазалық пен гигиенаның маңыздылығын аша түсетін ашық сабақтар ұйымдастырылады. Компания 2018 жылы 1000 мемлекеттік мектепті, яғни, 1,3 миллион оқушыны қамтамасыз етіп үлгерді.

Ерекше оқиғаға Unilever компаниясының өкілдері мен қоғам қайраткері Аружан Саин қатысты. “Әлемде жыл сайын түрлі гигиеналық аурулардың салдарынан миллиондаған адам көз жұмады. Олардың басым бөлігі – балалар. Біз 2020 жылға дейін 25 миллион адамды қауіпсіз, таза дәретханамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.”,– дейді Uniliver компаниясының қоғаммен байланыс менеджері -Екатерина Дмитриева.