Құрамы:
Ұн
Тұз
Жылы су
Жұмыртқа
Томат соусы
Руккола
Пармезан ірімшігі
Жартылай тұздарған ақсерке балығы
Зәйтүн
Дайындау әдісі:
- Тұз, жұмыртқа және жылы суды әбден араластырып алып, үстіне ұнды салып қамыр илейміз.
- Қамырды 30 минуттай тындырып қойып, уақыт өткен соң жаямыз. Қалыңдығы орташа болуы шарт.
- Қамырды қызып тұрған пешке салып, 20 минутқа қалдырамыз.
- Дайын болған пицца нанының үстіне томат соусын жағамыз. Рукколаны, жұқалап кесілген ақсерке балығын, зәйтүнді қоямыз.
- Соңында үккіштен өткізген пармезан ірімшігін сеуіп, дастарқанға ұсынамыз. Дайындалуы да тез, дәмі де ерекше пиццаны үйде әзірлеп көріңіз!