Бет күтіміСұлулық

ЕКПЕЛІ ФИЛЛЕР. Бет терісін жасарту жолдары

Соңғы жылдардағы мәліметтерге сүйенсек, жасару үшін пластикалық ота жасату саны күрт өскен. Ал, отаға жүгінбей-ақ жасару жолдары бар ма? Әрине! Филлерлі екпе қартаюдың алдын алып, табиғи жастығыңыздың ұзақ болуына бірден бір себепші бола алады. Филлер – бүгінде адам жасының ұлғаюына байланысты, бет-бейнесіндегі өзгерістерді қалпына келтірудің кең таралған тәсілі

546Қаралымдар

Филлер дегеніміз – өз қалпын жоғалтқан жұқа тері аумағын толықтыратын гель түріндегі екпе. Косметолог мамандардың айтуы бойынша, филлер тек беттегі ғана емес, адам денесіндегі кез келген теріні қайта қалпына келтіруге көмектеседі.

Филлер – ерін, бет, жақ, иек, мұрынның көлемі мен пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Ол әртүрлі мимикалық әжімдерді, қатпарларды жазады. Қажет болған жағдайда филлер мойын мен алқым сияқты күрделі аймақтарды да жасартуға қауқарлы.

Филлер екпелерін қалай таңдаймыз?

  • Филлерді биодеградациялы (яғни, белгілі уақыттан кейін ағзадан табиғи жолмен шығып кететін) және перманенттік деп екіге бөліп қарастырамыз. Перманентті түрі ағзадан өздігінен шықпайтындықтан және жанама әсері көп болғандықтан косметологтар бұл түрінен түбегейлі бас тартып, толығымен биодеградациялы түріне көшкен.
  • Бүгінде ең көп таралған және әмбебап нұсқасы болып табылатыны – гиалуронды қышқылдан тұратын филлерлер.
  • Қазір тұтынушының денесінің басқа бөлігінен алынған майлы тіні арқылы жасалатын аутофиллер де қолданылады.
  • Олардың әрқайсысы түрлі қызмет атқарады. Мысалы: коллаген мен полилактикалық қышқылдан жасалған филлерлер көз бен еріннің айналасындағы терілерге ешқашан қолданылмайды. Олар негізінен атрофиялық тыртық аймағында ғана жұмыс істейді.
  • Гидроксиапатит кальцийінен жасалған өнім беттің төменгі бөлігінде, яғни жақ аймағына жұмыс істейді. Ол жақ терісін тартып, лифтинг әсерімен теріні нығайтады.
  • Филлерлер тығыздығына қарай да ерекшеленеді. Көз айналасы ең нәзік аймақ болғандықтан, оған жұмсақ, тығыздығы төмен өнімдер қолданылады.
  • Мойын мен алқымға терінің жоғарғы қабаттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тығыздығы сәл жоғары филлер түрі пайдаланылады. Ол өз айналасына ешқандай із қалдырмайды, теріні жиырмайды және еш білінбейді.
  • Ал, тығыздығы ең жоғары препараттармен әдетте тереңге кеткен әжімдерді түзететіп, орнын толтырады.

   Филлер ботоксқа балама бола ала ма?

Екі қастың арасына жасалатын филлер ботокс екпесін алмастыра алмайды. Филлерді енгізген соң, бұлшықеттің мимикалық белсенділігі өзгермейді. Десе де, өнім тым терең мимикалық белгілерді босатуы мүмкін.

Егер екі қасыңыздың ортасындағы әжім терең болса мына шешім дұрыс болмақ: ең бірінші А типті бутулотоксин инъекциясы жасалады. Егер екі аптадан кейін тері мәселесі толық шешілмесе, терең әжімнен орын алған ойық орны филлермен толтырылады.

Ботоксты филлермен ауыстыру тек қана токсиндерге иммунитеті болған жағдайда немесе қастар арасындағы бұлшықеттердің белгілі бір құрылысына байланысты ғана ұсынылады.

Есіңізде болсын! Қастар арасындағы аймақта жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан ол канюляның көмегімен екпе жасай алатын жоғары білікті дәрігерді талап етеді.

Нәтижесі қаншалықты ұзақ сақталады?

Қазіргі биодеградациялы филлерлердің тұру ұзақтығы – орта есеппен 6 айдан 1,5 жылға дейін созылады. Олар бірте-бірте фермантативті бөліну арқылы ағзадан табиғи жолмен шығып кетеді. Ол ағзадан шыққан бойда әжім қайта орнына келе салады деген сөз емес. Филлердің белгілі уақыт аралағында өз күшін жоғалтуы, терінің ылғалданып тұруымен түсіндіріледі. Филлер сіңіріліп кеткенде тіндердің гистологиялық құрылымы екпеге дейінгі жағдайынан әлдеқайда жақсы күйде сақталады.

Салдары

Көз айналасына филлерді пайдалану аса мұқияттылықты қажет ететін күрделі процесс. Себебі, дұрыс орындалмаған процесс көз қан тамырдарын бітеп, олардың жұмыс істеу ықтималдығын төмендетеді. Көбінесе ол шешімін табады. Бірақ кейде салдары аса қауіпті болуы мүмкін. Сол себепті бірінші дәрігер кеңесіне жүгіну керек. Кейбір жағдайда көз айналасындағы жүйке жүйелерінің зақымдалуы күрделі созылмалы ауруға әкеліп соғуы мүмкін.

Қарсы көрсетілімі

Жүктілік – бұл лактация кезеңі болғандықтан, ағза әртүрлі инфекцияларды жұқтыруға бейім болады. Сол себепті, жүктілік кезінде филлерді пайдалануға дәрігерлер кеңес бермейді. Созылмалы аурулармен ауратын науқастарға, қант диабетінің күрделі түріне шалдыққан жандарға, иммундық жүйесі әлсіз әрі дәрігердің бақылауындағы науқастарға филлерді пайдалануға қатаң тыйым салынады. Дене бөлігінде ұзақ уақыт күрделі тері жарақаты бар адам бұл қызмет түрін аса сақтықпен қабылдаған жөн.