Ақ босаға

Ерлі-зайыптыларға неліктен бөлек ұйықтауға болмайды?

749Қаралымдар

Мамандардың көпшілігі жұбайлардың бірге ұйықтауы – бір-біріне деген сенімділіктің, сүйіспеншіліктің көрінісі деп санайды. Сондай-ақ, сексологтар ерлі-зайыптылардың бөлек жатуы жыныстық қатынас жиілігінің төмендеуіне және өзара түсініспеушіліктің туындауына әкеп соғады,-дейді.

Әрбір әйел жан-жарының құшағында жатып ұйықтағанды қалайды. Осылайша, бірге ұйықтайтын қос ғашықтың арасында эмоцияналдық байланыс орнап, қарым-қатынас нығая түседі.

Биоэнергетика сарапшыларының айтуынша, жұбайлардың біреуі ауырып қалса, екіншісі оған ұйқы кезінде қуат беріп, емдеп ала алады екен. Дейтұрғанмен, мұндай құбылыс бірін-бірі шын сүйетін, үйлесімділікте өмір сүретін жұптардың арасында ғана болуы мүмкін.

Осы орайда егде жастағы ерлі-зайыптыларға да бірге ұйықтауға кеңес беріледі. Өйткені жұбайлардың бірі әдетте түнде ауырып қалады, екіншісі оған дәрігер шақырып немесе қажетті дәрі-дәрмектерді беріп, дер кезінде көмек көрсете алады.

Негізінде, жатын бөлме ерлі-зайыптылар үшін ерекше орын болып саналады. Фэн-шуй іліміне сенетіндер немесе өздерін эзотерик деп санайтын жандар дәл осы бөлмеде оңай таусылатын қуат бар деген ойда.

Ұйқыда жатқан адам сыртқы ортаны, рухтар әлемін ерекше сезе алады. Сондықтан ерлі-зайыптылар демалатын бөлмеге қатысты түрлі наным-сенімдер бар. Мәселен:

  • Ерлі-зайыптылар әртүрлі төсекте ұйықтай алмайды, себебі оның арты ажырасуға әкеп соғуы мүмкін.
  • Жұбайлардың бір төсекте жатып, бөлек көрпе жамылуы да дұрыс емес.
  • Қос ғашық төсенетін матрас та біріккен болуы тиіс. Егер олардың астында екі түрлі матрас жатса, отбасында гормония жоғалуы ықтимал.
  • Жатын бөлмеге өзгелерді кіргізбеген жөн. Себебі өзгелердің қуаты бөлменің аурасын бұзуы мүмкін.