Бет күтіміМакияжСұлулық

Жазғы макияж ерекшелігі

Әр мезгілдің өзіне тән бет әрлеу ерекшелігі бар. Атап айтар болсақ, ыстық мезгілдегі косметика терінің тесіктерін бітеп тастамауы тиіс. Сонымен қатар ауаның жоғарғы температурасында беттен еріп ағып кетпеуі керек. Сондықтан жазғы макияж табиғи әрі жеіңіл болуы тиіс.

486Қаралымдар

Теріні тазалау

Макияж нәтижесінде пайда болған кірлерден, терінің бітелуінен бетке безеу шықпас үшін оны үнемі жуып тұру керек. Жуудың да өз тәртібі бар. Таңертең макияж жасарда және оны сүртіп алған соң кешке бетті мұқият тазалау қажет. Ол үшін құрамында жеңіл кремі бар жуынатын сұйықтықтар, гель, мусс, косметикалық сүт немесе арнайы бет жууға арналған көбікшелер жарай береді. Жуынып болған соң бактерияның пайда болуының алдын алатын арнайы антисептикалық сұйықтық жағамыз. Ондай сұйықтық спиртсіз болуы тиіс.

Ылғалдандыру

Жаз мезгілінде тері үнемі терлей беретіндіктен оны ылғалдандыру қажет емес секілді көрінеді. Керісінше оған дымқылдық қажет болғандықтан тері табиғи жолмен сұйықтық бөліп жатқандығын ескеру крек. Сондықтан құрамында қалыпты дымқылдығы бар косметикаға таңдау жасап терімізге көмектесуіміз керек. Көз айналасының терісі тым жұқа. Сондықтан осы жердегі теріге ерекше күтім керек.

Жазғы макияждың негізі

Жазғы make-up барынша жеңіл әрі табиғи болуы шарт. Тіпті теріңіз өте құрғақ болса да, жеңіл макияж жасалатын косметикаға таңдау жасағаныңыз абзал. Себебі ондай косметика ауаның температурасы жоғарылағанда ерімейді, түйіршіктенбейді.

Тоналды негіз

Жазда жеңіл сіңетін тоналды негізді пайдаланған дұрыс. Егер сізге сәл қалыңырақ негіз қажет болса, онда үстіне опа жағуға болады. Негізінен флюидадық тональді кремдер дұрыс. Олардың құрамында күннің зиянды сәулесінен қоғайтын SPF фильтр бар.