ДенсаулықСаулық үшін

Жапондықтардың өмірді ұзартатын 8 ережесі

982Қаралымдар

1. Ұялы телефоныңызды оң құлағыңызға қоймай, сол құлағыңызда ұстаңыз. Жапондықтар мидың оң жақ бөлігі доминандты болып келеді, сондықтан оны қалта телефонының зиянды сәулелерінен сақтау керек деген ұстанымда. 

2. Кофені күніне тек 1 рет ішкен абзал. Кофенің құрамындағы кофеин ағза жұмысын лезде тежеп тастауы мүмкін.

3. Суды тек жылы күйінде ішіңіз. Салқындатылған, мұзды сусыннан аулақ болыңыз. Таңертең суды аш қарынға көп мөлшерде, ал кешке аз мөлшерде ішіңіз. 

4. Етті немесе құрамында еті көп тағамдарды кешкі сағат 7-ден кейін жемеңіз.

5. Қалта телефонды және оны зарядтайтын құрылғыларды төсегіңізден алшақ ұстаңыз. Ұялы телефонды қолыңызға алып ұйықтамаңыз.

6. Адамның ұйқысы кешкі сағат 10:00 мен таңғы 6:00 арасында қанады. Қалған кездегі ұйқы – уақытты бос өткізу болып есептеледі.

7. Ұялы телефоныңыздың қуаты таусылып бара жатса, мүмкіндігінше қоңырауларға жауап бермеңіз. Себебі, дәл осы кезде радияция 1000 есе көп бөлінеді.

8. Сіздің иммундық жүйеңіз үшін ең пайдалы сусын – зімбір қосылған сәбіз бен алма шырыны болып есептеледі. Ал иммундық жүйе денсаулықтың 95% құрайды.