МакияжСұлулық

Жапсырмалы кіріпікті қолдануды білесіз бе?

322Қаралымдар

Жасанды кірпіктер дұрыс жалғанбаса, ең керемет деген макияждың өзін бүлдіруі мүмкін. Ал дұрыс жағылмаған желім, көз бояуымен араласып, түйіршіктеніп, көзді жасауратып, одан да тұрпайы етеді. Сондықтан жапсырмалы кірпіктерді дұрыс жабыстырып үйренгеніңіз абзал.

1. Алдымен табиғи кірпікті бояп алу

Өз кірпіктеріңізді сүрмемен бірнеше мәрте бояу – жапсырмалы кірпіктің дұрыс бекітіліп, көзіңізде нық тұруына көмектеседі.

2. Кірпікті көзге шақтап алу

Кірпіктерді қорабынан ала салып, жабыстыруға асықпаңыз. Біріншіден, олардың көлемі мен ұзындығын көзіңіздің пішініне, қиығына қарай ыңғайластырып, өлшеп көріңіз. Егер олар ұзын болса, артық жерін қиып тастаңыз.

3. Желімді жағып, күте тұру

Жасанды кіріпіктердің таспасына желімді жұқа етіп жағып, 30-40 секундқа қойып қойыңыз. Бұл уақытта таспадағы желім толығымен жайылып, керекті қалыпқа түседі.

4. Кіпікті жабыстыру

Көзіңізді төмен қаратып, желімденген таспаны табиғи кірпіктің бойына жабыстырыңыз. Кірпікті әуелі көздің ортасына бекітіп, содан соң, ішкі және сырқы жақ шетіне орнатасыз.

5. Макияжды аяқтау

Кірпікті жабыстырғаннан кейін қабаққа арналған сызба қарындашты және сүрмені қолданыңыз. Қарындаш кірпіктің жалғанған бөлігін жасырып тұрады. Ал сүрме жасанды кірпік пен өз кірпігіңіздің түсін біркелкі етеді.

 6. Визажистердің басты құпиялары:

  • Жасанды кірпік жабыстырмас бұрын міндетті түрде қабақты бояп алу керек. Әйтпесе, көзді былғап алуымыз мүмкін.
  • Оларды жабыстырып болған соң, әрі-бері қимылдатып көріңіз.
  • Сенімді болғыңыз келсе, желімді тек жасанды кірпікке емес, үстіңгі қабаққа, кірпіктің бойына да жағыңыз.
  • Табиғи көрінуі үшін кірпікті саусақпен уқалап немесе арнайы қылсаппен тарап, жұмсартады.
  • Егер кірпікті қысқарту керек болса, көздің ішкі жақ шетінен асықпай, абайлап қиыңыз.
  • Оны қорабынан аларда бір шетінен ғана байқап алыңыңыз. Өйткені олар оңай сынып кетеді.
  • Табиғи көрінсін десеңіз, кірпікті қақ ортасынан қиып, көздің тек сыртқы бұрышына жабыстырыңыз.
  • Желімді көздің ішкі және сыртқы жақ бұрышына көбірек жағыңыз. Себебі бұл маңайда кірпіктер жиі орналасады.
  • Қабақ пен кірпіктің арасында бос орын қалып қойса, оны қара күңгірт боямен немесе қабаққа арналған қарындашпен бояп қойыңыз.
  • Жабыстырмалы кірпіктерді ұзақ уақыт қолданғыңыз келсе, оны жабыстырғаннан кейін сүрмемен боямай-ақ қойыңыз.
  • Нәзік кірпіктерді бүлдіріп алмас үшін, оны көзден бірден жұлып алмаңыз. Оны арнайы бояу кетіретін майлы сұйықтықпен жұмсартып алыңыз.
  • Кірпікті қолданып болғаннан кейін, арнайы сұйықтықпен немесе жылы сумен тазалап, желімнен қалған қалдықтарды іскекпен алып тастау керек.