СәнСтилист кеңесі

Жасанды тондар

440Қаралымдар

Вероника Булгакова-Гудзь,
«Сырласу» журналының
стилисі @veronika_bulgakova_gudz

Бүгінде бүкіл әлем жануарлардың өмірін сақтап қалуды қолдайды. Бұл жерде сән үйлері әсіресе, аң терісінен тігілетін киімдерді жасанды материал­дармен алмастыруды көздеп отыр. Түрлі-түске боялған аң терісіне қарап оның бірден жасанды екенін, оны дайындауда ешқандай аңның зардап шекпегенін байқауға болады. Ал жоғарыдағы «оверсайз» термині кез келген адамға кең болып тұратын киімдерге тән. Ол пальто, джинс, жейде, кеудеше сияқты барлық киімге қатысты айтыла береді.

 

Разноцветная шуба

Mango. Бағасы: 2990 теңге. 

Мұндай киімдер адамға өзін еркін сезініп, денесіндегі кейбір кемшіліктерді жасыруға көмектеседі. Бүгінде сән үйлерінің басым көпшілігі табиғи аң терісін қолданудан бас тартса, бұқара халық жасанды тондардың бағасы қолжетімді болатындығы үшін аса қуанышты. 

Ал бұл қыста қандай тондар ерекше сәнде? Біріншіден, биыл пальто сияқты етіп пішілген тондар сәнді. Екіншіден, олардың жағасы дөңгелектеу немесе тігінен келген болуы мүмкін. Бірақ жағасы ешқашан қайырылмалы бас киімге ұласпағаны дұрыс.

Zara. 29 990 теңге. Одан кейін мән беретін нәрсе – тонның түсі. Тондар неғұрлым ашық түсті болып, жасанды екені білінсе, соғұрлым жақсы бағаланбақ. Оның ішінде қойдың жүні тәрізді тондар көптеген бейне тудыруға мүмкіндік береді.