Екеудің құпиясыЖан әлемі

Жат төсектен жасқанамын

1.14K (1000)Қаралымдар

Есімім Алтынай, жасым 22-де. Мен өзгеге айта алмайтын, айтуға ұялатын бір сырымды ақтармақпын. Осы жасқа келгенше ата-анамнан ұзаққа жырақтап көрген емеспін. Үйдің үлкені болсам да, кенжесі секілді үнемі бәріне еркелеп жүремін. Еркелігім әлі қалмаған сірә.  Жоғарғы оқу орнына түскен жылы Айдармен таныстым. Оқуында озат болып, университетіміздің мақтанышы, үздік студенттердің бірі атанған. Мінезі жұмсақ, дегенмен, жігітке тән қайсарлығы да бар. Өте сабырлы, бірақ, керек кезде ашуға ерік беріп қояды. Десе де, оған менің мінезім ұнайды, танысқан күннен-ақ мені «қылықты қыз» деп атап кетті. Жай ғана достығымыз уақыт өте нағыз махаббатқа ұласты. Оны болашақ жарым, балаларымның әкесі ретінде көрдім. Айдар мені үнемі қолдап-қолпаштап отырады. Менің жағдайымды менен жақсы түсінеді. Оқуды тәмамдағанымыз сол еді, жігітім тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.Похожее изображение Енді тойымызды  жаз айларының біріне жоспарлап отырмыз. Дегенмен, ішімде бір үрей бар. Еркелігім бе, әлде не білмеймін… жат төсектен жасқанамын. Туысқан, жора-жолдас, құрбы-құрдас, кімнің үйіне барсам да өз үйіме асығып тұрамын. Кеш түсіп, біреудің үйінде қонып қалсам, өзімді жайсыз сезінемін. Тіпті, түні бойы төмпешіп, жата алмай шығамын. Кең сарай, жылы төсекте жатсам да, өз үйімді ойлаймын. Тұрмысқа шығатынымды ойласам, ата-анамды қимаймын, тіпті, ертеңгі күні өзімді қайта тәрбиелей аламын ба деген сауалдар маза берер емес. Соңғы күндері күйзеліс ке де түскендеймін. Той күні жақындаған сайын ата-анама деген сағынышым үдеп барады. Жігітіме айтсам, «бәріне уақыт ете үйренесің, еркелігіңді қоясың» дейді. Шынымды айтсам, жігітімнің алдында ұяламын. «Мен тұрмыс құруға дайымын ба?» осы сұраққа жауап таба алмай жүрмін. Әпкелерімнің айтуы бойынша өмірде мұндай маңызды қадам жасауға әр қыз 100 пайыз дайын бола бермейді екен.