ДенсаулықДиета және фитнес

Жаңа жылға қарсы артық салмақтан арылыңыз!

234Қаралымдар

Ресейлік диетолог, медицина ғылымдарының докторы Алексей Ковальков Жаңа жылға дейін салмақты қалай тез және дұрыс тастау керектігін түсіндірді.

Сарапшының айтуынша, салмақ тастаған кезде, өнімдердің құрамына назар аудару керек.

«Егер өнімнің құрамында майдың мөлшері аз болса, бұл оның пайдалы екендігінен хабар бермейді. Барлығы тек майларға байланысты емес. Адам майдан салмақ жинамайды», – дейді ол.

Диетолог құрамында майы жоқ тағамдарды тұтынып қана арықтаудың қажеті жоқ дейді.

Ковальковтың пікірінше, қысқа мерзімде арықтағысы келетіндер құрамында ақуыз бен май бар тағамдарды тұтыну қажет.

Мұндай диета сізге мерекеге қарсы салмақты тез және тиімді түрде жоғалтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ май адамның бауырын зақымдамайды. Дегенмен аталған диетаны бір айдан артық ұстауға болмайды. Оның көмегімен күніне 150 граммға дейін артық салмақ тастауға болады.