Сырласу
News

Жеңісті бірге көрген күн

224Қаралымдар

16 қыркүйек. Лас-Вегастағы Т-Mobile аренасында өткен Головкин мен Альварестің арасындағы жекпе-жек мексикалық боксшының пайдасына шешілді. Төрешілердің бөлек шешімі бойынша 12 раундқа созылған кездесуде Генадий Головкин 115:113 есебімен жеңіліс тапқан. Ал, үшінші төреші есепті 114:144 деп теңдестірген. Сонымен қатар, отандасымыздың WBC, WBA (Super) және IBO бойынша әлем чемпионы белбеулері Сауль Альвареске берілді.

Айта кететін жайт, барша қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Головкинге қолдау көрсетуде. “GGG! Сен Қазақстан үшін мәңгілік чемпион болып қаласың! Халқың сенімен бірге”, “Жеңісті бірге көрген күн. Жеңілісті де бірге көреміз”, – деп жазды желі қолданушылары. Жанкүйерлер Головкин мен Альварестің үшінші кездесуін күтетіндерін жария етті. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір жыл бұрын 20 мың халқы бар Т-Mobile аренасында Генадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталған еді.