ДенсаулықСаулық үшін

Жыныс саулығы – болашақ ұрпақ саулығы

Қыз-келіншектер ескере бермейтін ең қарапайым қынаптық вагиноз (қынаптық бөліну, молочница) болашақта көптеген ауыр дерттерге жол ашады. Сол үшін ересек өмірді бастамастан бұрын кез келген ана, жас қыздар қынаптық вагиноз дегеннің не екендігін, болдырмау жолдарын, бола қалса емдеу шаралары туралы білгені аса маңызды.

1.41K (1000)Қаралымдар

Бактериалық вагиноз – бұл полимикробты, қынаптық қабыну синдромынан болатын гинекологиялық аурудың бір түрі. Ол қынаптық микрофлораның бұзылуынан туындайды. Оны қоздырғыш бактерияларға – Gardnerella Vaginalis, анаэробтар және Mycoplasma hominis жатады. Қыз-келіншектерді жиі мазалайтын қынаптық бөлінулер, жүктілік және босану кезіндегі, гинекологиялық отадан кейінгі әртүрлі асқынулардың негізгі себебі болып саналады.

Бактериялық вагиноздың дамуына мына факторлар әсер етеді:

  • Гормоналдық өзгерістер (жыныстық қатынас, жүктілік, түсік жасату, менопауза, эндокриндік аурулар);
  • Созылмалы аурулар, жарақаттар, ота, анемияның, гиповитаминоздың салдарынан ағза қорғанышының әлсіреуі;
  • Асқазан-ішек жолының микрофлорасындағы өзгерістер;
  • Ерте жастан жыныстық қатынасқа түсу, жүктілік;
  • Серіктесіндегі флораның жай-күйі;
  • Синтетикалық және өте ашық іш киім кию;
  • Гигиеналық төсеніштер;
  • Қант диабеті;
  • Иммунитет жағдайының өзгеруі;
  • Ағзадағы күйзелістік әсерлер;
  • Урогенитальді тракт ерте жастан қабыну ауруының берілуі.

Бактериялық вагиноз – бала көтере алмау, хориоамнионит, мезгілсіз босану, құрсақтағы ұрық инфекциясы, босанғаннан кейінгі эндометрит, түсіктен кейінгі қабыну процестері, жамбас мүшелеріндегі қабынулары, жатыр мойны дисплазиясы сияқты аурулардың асқыну қаупін арттырады. Сондай-ақ бұл – папиллома вирусы инфекциясын дамытушы фактор болып табылады. Ол цитомегаловирус, вирустық герпес, Эпштейн-Барр, гепатит, контагиозды моллюск, СПИД, папилломавирус, хламидиоз, саңырауқұлақ, паразит сияқты вирустармен біріктірілуі мүмкін.

Қазіргі уақытта бактериялық вагинозды емдеуде түрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Кешенді тәсіл, тиісті терапия, бактериялық вагиноздың алдын алу инфекциялық және қабынулардың асқынуын азайтады. Оған қоса әйелдердің денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Соның бірі, әрі бірегейі «Тержинан» қынаптық таблеткалары. Айтулы таблеткамен емделу кезінде «Тержинан» таблеткасын жылы суға бір малып алып, қынапқа тереңінен орналастыру қажет. Бір қаптамасы емделудің бір курсына жеткілікті. Ең бастысы – Тержинан қынап таблеткасын жүкті әйелдер де қолдана алады. Етеккір кезінде де қолдануға болады. Кері әсерлері жоқ.

Ләззат Жұмалы,

FIC Medical фармацевтикалық компаниясының өкілі