Жан әлеміТест

Жұдырығыңыз сөйлесін

Сіз жұдырығыңызды қалай түйесіз? Бұрын-соңды аңғармаған болсаңыз, енді назар аударыңыз. Себебі ол да сіздің болмысыңыздан, мінез-құлқыңыздан хабар береді.

1.15K (1000)Қаралымдар

Сіз нағыз альтруистсіз

Қолайсыз жағдайларға тап болып жатсаңыз да, айналаңыздағыларға қол созуға дайын тұрасыз. Білім мен жаңалыққа құмар, аса белсенді, сонымен қатар шыдамсыз жансыз. Өзіңіз сынды адамдарды әдетте авантюрист, батыл деп айтып жатады, алайда басқалар сіздің кейде нәзік, көмекке мұқтаж екендігіңізді мүлде байқамайды. Мойындау, қабылдау сіз үшін өмірлік мәні бар құндылықтар. Ниеті бұрыстардан аузыңыз күйіп жатса да, берік ұстанымыңыз біржола адамдардан теріс айналып кетуіңізге жол бермейді. Қамқорлыққа мұқтаждарға қол ұшын созуды доғармайтыныңыз анық, алайда «көре-көре көсем болады» дегендей, келесі қадамды абайлап басатын боласыз.

Сіз өнер адамысыз

Сіз ашық жарқын, алуан түрлі адамдарды бірден баурап аласыз. Достарыңыз өзіңізді шыншылдық әрі ұшқыр ойыңыз үшін жақсы көреді. Өзіңізге аса сенімді, жеке басыңызға деген құрметіңіз шексіз тұлғасыз.  Талапты әрі еңбекқорсыз, бұл қасиеттер жұмыста алғыр көшбасшы екеніңізді көрсетеді. Алайда қателікке бой алдыру қауіпінен қорқып, шешім қабылдау сізге қиынға соғып жатады. Мақұлдау мен мақтауға мұқтажсыз. Бастысы ешкім керемет жан екендігіңізді айтпаса да, ісіңізді дұрыс деп қабылдамаса да өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпаңыз.

Сіз ең сүйкімді жансыз

Ұшқыр ойлы, өткір тілді. Міне, мінезіңізге осындай анықтама береміз. Алайда ұялшақтық себебінен бұл керемет қырларыңызды сыртқа шығара алмай жатасыз.  Сондықтан көпшілік сізді ұяң, әңгімеге жоқ деп ойлап қалып жатады . Әрдайым терең ойға шомып, өзіңізден шамадан тыс дүниелерді талап етесіз. Бұл сізді алаңдауға мәжбүр етеді. Жандүниеңіздің тыныштығын сақтауға барынша күш жұмсайсыз. Жақын адамдарыңыз жаныңызда өздерін қолайлы сезінеді. Кейде еркін қарым-қатынас құра алмайтындығыңыз, жаңа ортаға тез сіңіп кете алмайтындығыңыз, отырыстарда басты назарда бола алмайтындығыңыз ойландырады. Бірақ барлығын жүрегіңізге жақын алмаңыз. Бар болғаны аздап жылы шырайлы, қарапайым болуға тырыссаңыз, бұрын қасыңызға келуге сескенген жандар өздері келіп, жақындасады.