ОтбасыОтбасы бюджеті

Жұмадағы жеңілдік!

Әлем бойынша ең көлемді жеңілдік күні – Black Friday. Биыл 23 қараша күніне тұспа тұс келетін орасан зор мүмкіндікті сіз де жіберіп алмаңыз! Бұл күні бүкіл әлемдік танымал дүкендер, жаһандық брендтер 30%-дан 90%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады. Бұл дәстүр 2009 жылдан бастап біздің елге де енді. Содан бері жеңілдікті қолданушылар мен оған қатысушы дүкендер саны да артып келеді.

736Қаралымдар

Бірі ізденіп жүріп, жеңілдік маусымында танымал бренд тауарларын қол жетімді бағамен алу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысса, енді біріміз оны аңғара бермейміз. Алайда елімізде жеңілдіктер маусымы жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Біз осы орайда біршама сайттар мен дүкендерге шолу жасап, жеңілдік түрлері мен оларды қалай біліп отыру жайын сөз қылмақпыз. Бұл күні киімдер мен аяқкиімдер, тұрмыстық техникалар, косметика, иіссулар, кітап, балаларға арналған заттар жеңілдікпен сатылады.

Жеңілдіктер қарастырылған СОО-ы:

Бұл сауда үйлері де, тұтынушылар саны да айтарлықтай көп Астана, Алматы қалаларында ұйымдастырылады. «Black Friday-ға» Астанада Мега, Мечта, Сарыарқа, Хан Шатыр, Аружан, Астана Mall және Керуен сияқты шағын дүкендер мен ірі сауда орталықтары қатысса, Алматыда Мега Парк, Глобус, Март, Прайм Плаза, Есентай Молл, Белес сияқты ең атақтыларында орын алады деп жоспарлануда. Алайда, танымал дүкендер желісі «Black Friday» күні туралы ақпаратты құпия ұстап отыр.

Былтыр шараға «Технодом», «Alser», «Sulpak», «White Wind», «Dream» дүкендері қатысқан еді. Әйтсе де, баршаңызға 23-қараша жақындағанда ірі сауда орталықтарының сайттарын бақылып отыруға кеңес береміз.

Online дүкендер

Айтулы шарадан онлайн дүкендер де қалыс қалмақ емес. Ең төмен бағадағы жеңілдіктерді мына интернет-дүкендерден таба аласыздар – Астана және Алматы қалалары бойынша жеткізіп беру қызметі бар интернет-дүкендер: 220-volt, lamoda.kz, kupivip.kz, jd.ru, wildberries, printbar, AliExpress, yves-rocher.

Cyber Monday

Қазақстан интернет-дүкендер бойынша әлемдік жаппай сатылым науқаны «Кибер дүйсенбіге» де қатысады. АҚШ-тан бастау алған дәстүрдің елімізге енгеніне біраз жылға таяды. Мұнда да 90% дейін жеңілдіктер жасалады. «Cyber Monday» 2019 жылы 28 қаңтар күні сағат 00:00-де басталып, 31 қаңтардың 23:59-да аяқталады. Бұл күні жеңілдіктер төмендегі дүкендерде орын алмақ:

Lamoda.kz, Kupivip.kz, YvesRocherFrans, BlackStarWear, Aviasales (авиабилеттер), FinnFlare, Ssense, Rentalcars.com, SlamDunk, Алмаз-холдинг (әшекейлер компаниясы), Kapkam электроникс, Henderson, Dresslily, Gamiss, Shein, Jd.ru,  Tomtop, Rosegal, Twinkledeals, Lightinthebox.com, Letyshops, PrintBar, Lacywear, Vkostume.ru, SammyDress, Aliexpress, Rosewholesale, ЛитРес.

Қосымша ақпарат

Сондай-ақ, Қазақстанның біршама аймағында қай дүкенде қандай заттарға немесе қызмет түрлеріне жеңілдік акциялары болып жатқанын көрсететін төмендегідей сайттар жұмыс істейді:

Chocolife.me, BeSmart, Picodi.com, Promo-kod.kz, Mirkuponov.kz, Blizzard.kz

Бұл сайттар күнге, айға не уақытқа белгіленген жеңілдіктер, купондар, бонустар, промокодтар, дисконт карталар жайында ақпарат береді. Әр сайтта жеңілдікке ие болу мүмкіндіктері толықтай түсіндірілген. Олардан өз қалауыңызды таңдап, керек затты не қызмет түрін таба аласыз. Бұлардың бәрі сізге ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, 15 000-20 000 тг тұратын қызмет түрін жеңілдік купоны не промокодтар арқылы 10000 теңгеге қолдануға болады.

Сонымен қатар, әр жылдың қаңтар және ақпан айларында қалалардағы барлық сауда үйлерінде киімдер мен аяқ киімдерге, аксессуарларға 50%-дан 90%-ға дейін жеңілдіктер жасалады. Мұны атақты брендтер жыл жаңарып, сән де ауысқан сәтте дүкендерді жаңа киімдермен жасақтау мақсатында ұйымдастырады. Сондай-ақ, әр жыл мезгілінің соңында да киім, аяқ киімдер міндетті түрде жеңілдікпен сатылады. Сәннен шыға қоймайтын дүниені сол сәтте алып қойсаңыз, өзіңізге үлкен көмек. «Түнгі жеңілдіктер» науқаны үлкен сауда үйлерінде және «Технодом», «Белый ветер», «Sulpak» сынды тұрмыстық техника дүкендерінде жиі ұйымдастырылады.

Қажетті кеңес!

Шопоголиктер көлемді жеңілдіктер науқанында ең сәнді, әрі бағалы дүниені тиімді бағаға сатып алу үшін бірнеше нұсқаулықтарын ұсынады:

  • Сатып алынатын заттар тізімін жасап алу. «Арзан» деп, қажетсізін жинай бермес үшін дүкенге барар алдында шкафты жақсылап ақтарып, саралап алған жақсы.
  • Уақытты үнемдеу. Ғаламтор арқылы сауда жасау уақытты үнемдеуге және тауарларды кәдімгі дүкендердің бағасынан әлдеқайда төмен бағамен алуға көмектеседі.
  • Себетті алдын ала толтыру. Интернет-дүкендерде себеттерді алдын-ала толтыру маңызды. Яғни, «Black Friday», 23-қараша күні сағат 00:01 болғанда сатып алу деген мәзірді басуға дайын тұрыңыз.
  • Дүкендерді жоспарлау. Нақты баратын сауда орталықтарын жоспарлап алып, бес нүктеден артық дүкенге тұрақтап қалмау. Дүкенге неғұрлым ерте келсеңіз, соғұрлым таңдау мүмкіндігі көп.
  • Бағалар мен жеңілдіктерді талдау. Бастысы – дүкендердің қармағына ілініп қалмау. Яғни, кейбір дүкендер мұндай кезде тауарлар бағасын әдейі көтеріп, сізге үлкен көлемде жеңілдік жасағандай кейіп танытады. Сауда орталығына баратын болсаңыз, сатып алатын нәрсенің орташа құнын елестетіп көріңіз.
  • Жеткізіп беру жеңілдігі. Американдық тауарларға 90% дейін жеңілдік болған кезде түрлі қызметтерді қолдануға да мүмкіндік бар. 2016 жылы «Қазпочта» АҚ Black Friday и Cyber Monday күндері АҚШ-тан келген тауарларды жеткізуде жеңілдіктер жариялаған еді. Мұндай жеңілдіктерді Vpost.kz сайтын алдын ала бақылау арқылы білуге болады.

Зерттеулер бойынша, жеңілдіктер кезінде біршама қаражатты үнемдеуге болады. Жақсы жеңілдіктер алу мүмкіндігін кез-келген елдің тұрғыны бағалайды. Оған қоса, сайт арқылы қай дүкенде қанша пайыз жеңілдік бар екендігін, жаңа тауарлар келгенін, байқаулар науқанын да анықтап білуге болады. Сондықтан танымал бренд, не сауда белгілерінің, сауда үйлерінің сайттарын, парақшаларын қарап жүруге кеңес береміз.