ДенсаулықДиета және фитнесСаулық үшін

Иммунитет күші – аста!

1.52K (1000)Қаралымдар

Күн суытқан шақта адамдар иммунитетті нығайту үшін құнарлы тағам­дарды тұтынуға тыры­сады. Бірақ артық салмақ қосып алудан сескенетіні де жасырын емес. Осы жөнінде туындайтын сұрақтарға Herbalife Nutrition компаниясының теңгерімді тамақтану сарапшысы Алла Шилина жауап береді.

 

Иммунитетті нығайтудың маңызы

Әр мезгілде тұтынатын астың құрамында ақуыз болуы тиіс. Біз күнделікті қолданып жүрген тағамдар әлсіреген иммунитетті көтеруге қауқарсыз. Сондықтан ағзаның қорғаныш қызметін арттыратын дәрумендер тұтыну қажет. Бірақ ағза дәрумендерді қажетті мөлшерде синтездей алмағандықтан, оның ең бас­ты көзін тағамдардан алады. Денемізде А, Е, Д және К дәрумендерінен басқалары ұзақ уақыт сақталмайды. Ағзаның ондай мүмкіндігі жоқ. Есесіне Herbalife Nutrition компаниясының ерлер мен әйелдерге арналған Формула 2 мультидәрумендер кешені қыстың төмен температурасы мен күн сәулесінің жетіспеушілігінен болатын зиянды әсерлерді жеңуге көмектеседі.

Қыста салмақ қосудың себебі және онымен күресу

Қыста толысу климаттық өзгерістерге байланысты. Күн суықта өте аз қимылдаймыз, тағамға деген құмарлық та өзгереді. Калориясы көп, ұн және тәтті тағамдарға әуес болып, суды аз ішеміз. Мегаполистердің өмір сүру қарқыны мен жұмыс кестесі өз әсерін тигізуі мүмкін. Бұл кезде Herbalife Nutrition ұсынған Формула 1 коктейлі мен ақуыз қоспасы бар Формула 3-ті тұтынуға кеңес береміз. Оның құрамында құнарлы тағамдарды алмастыратын қоспалар бар. Оны ішкен адам ұзақ уақыт бойы тоқ болып жүреді. Тағамдық мөлшерінде табиғи ақуыз, өсімдік өзегі және 20-дан астам қажетті дәрумендер мен минералдар бар. Ал бұл дәмді асты дайындау бірнеше минутты ғана қажет етеді.

 

Артық салмақ пайда болса не істеу керек?

Артық салмақты анықтау үшін кәдімгі өлшем таспасын алып, белді өлшеңіз. Әйелдерде 80, ер адамдарда 93 сантиметрден жоғары болмауы тиіс. Адамзатты өмірде ең жиі құлазытатын нәрсе – артық салмақ. Егер бұл жағдай сізді 20 жаста мазаласа, кешкі астан бас тартып, аптасына 2 рет фитнес орталыққа барып тұру жеткілікті. Ал, егде жастағы адамдарға мінсіз пішінді сақтап тұру қиын. Бұл жаста зат алмасу баяулап, тамақтану жүйесі бұрынғыдай болса да салмақ қосылады.

Бір қалыпты ұстап тұру үшін…

Мол ақпараттың арқасында бүгінде дұрыс тамақтану жүйесі мен мотивация түрін таңдап алуға мүмкіндік мол. Бірақ мотивациялық мақалаларды оқу бір бөлек, ал тамақтану жүйесін шынайы өзгертіп, жылдар бойғы жиналған әдеттерден арылу – бөлек іс. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді және оны іске асыру да аса оңай емес. Егер өздігіңізден дұрыс тамақтануға әдеттене алмасаңыз, дұрыс тамақтану жөнінде кеңес беретін Herbalife салауатты өмір салты сияқты мектептерге жазылыңыз. Онда сізді анализатор арқылы тексеріп, қажетті тағамдар тізімін жасап, тамақтану әдетіңізді өзгертуге көмектеседі.

Дұрыс тамақтану жүйесі

Күні бойы адам үш түрлі тамақ ішіп және қосымша екі немесе үш тіскебасар ала жүргені дұрыс. Бөлшектеп тамақтану тағамның мөлшерін азайтып қана қоймай, тәбетті бақылауға көмектеседі. Ең бастысы – таңғы асты ұмытпау. Өйткені ол бізге күні бойына қуат береді. Түнде жұмсалған ағзадағы қоректік қорларды қалпына келтіруге көмектеседі. Таңғы ас күнделікті калорияның 25%-ын құрауы тиіс. Оған қоса, онда дененің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақуыз, өзек, дәрумендер мен минералдар жеткілікті болуы керек. Бұдан басқа, салмақ пен дененің талабын ескере отырып, суды жеткілікті ішіп, ақуыз, май және көмірсулардың күнделікті қажеттілігін есте сақтаңыз.