Жан әлеміӨзіңді дамыт

Ишара: Өзіңді қимылыңнан таны-2

515Қаралымдар
Керілген ерін.

Егер сіздің досыңыздың еріні бір сызықта созылса, онда ол жынданып тұр деген сөз. Себебі, тыныш адам ернін осындай күйде емерілте алмайтыны айдан анық.

Жоғарыға көз тастау.

Сіз туралы сұқбаттасушы не ойлайды? Бұл жағдайда сіз оның көз қимылына назар салыңыз. Егер адам сізді бұрын көргенін айтқысы келсе, ол көзін жоғарыға тастайды. Ал, сіз туралы естігенін көрсеткісі келсе, ол көзін құлаққа қарай бағыттайды.

Маңдай мен құлақты уқалау.

Егер сұқбаттасушы маңдайын ұстап, құлағын уқалай бастаса, оның қорғансыз адам екенін көрсетеді. Мәселен, сіздің басшыңыз жағымсыз жұмысты тапсырғалы жатқанда сіз аталмыш кейіпті қолданады екенсіз.


ДЕНЕ

Аяқты бір-біріне қысу өзін ыңғайсыз сезінген адамның қорғаныштық позициясы болып табылады.

Аяқты иық деңгейінде қою.

Мұндай тұрыс адамның сенімділігі мен өзін биік көрсетуі дегенді айқындай түседі. Ал, спорт тарапынан осында тұрыстағы адам өз дегенінен қайтпайды. Ал, қолын беліне қою, күштің пайда болғанын білдіретін тұрыс.

Қолды айқастыру.

Қолын айқастырған адам өзін ортадан жапқысы келеді. Бұл ишараны қолданған адам сізден бірнәрсені жасырғысы келіп тұрғаны әбден мүмкін. Ал, аяқты айқастыру өз ойына ешкімді жақындатпауды білдіруі мүмкін. Бірақ, көптеген адамдар тоңғанда аталмыш қалыпты қолданады. Ал, кейбіреулер болса, мұны ыңғайлы санап, қолдана бастайды.

Бір аяқтан келесіге ауысу.

Сіздің денеңіздің әр қимылы ойыңызбен тұспа-тұс келеді. Досыңыз аяғын бірінен келесіге ауыстыра береді ме? Бұл оның бір жағдайға абыржулы екенін айтады.

Табанның сыртқа немесе жоғары қаратылуы.

Сіздің әңгімеңіз досыңызға қаншалықты қызықты екенін анықтау оңай. Егер сізбен сөйлесіп отырған адамның табаны сыртқа немесе жоғары қаратылып тұрса, ол сізден ертерек қашу амалын ойлайды деген сөз.


ҚОЛ

Сұқбаттасушы қолын арқаға қойып, қалтасына салады ма? Оның бұл әрекеті сізге толық ақпаратты жасырып тұрғанын білдіреді.

Ашықтық.

Әңгімелесушіге ашық алақаныңызды жайғаныңыз сіздің жаңа ойларға дайын екеніңізді дәлелдейді. Ал, саусақтарыңыз түптеліп тұрса, сіздің жеке ұстанатын жолыңыз бар екенін көрсетеді.

Қол сермеу.

Шамалы қол сермеуді білетін адамдар ортаға энергетикалық әсер қалдырады. Ал, логика мамандары сөйлеген уақытта қолдары ешқандай қимыл атқармайды екен. Нәзік әрі сенімсіз адам әңгіме барысында тырнағын ысқылай бастайды. Дегенмен, олай көрінбеу үшін қолыңызды айқастыра ұстағаныңыз жөн.


АЯҚ

Алаңдататын ишара. Үстел астында аяқкиімді шешіп қайта кию нені білдіреді деп ойлайсыз? Айтулы ишара түрі алаңдаушылықтан арылуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл оқиғаның жағымсыз екенін ұқтырады.

Табанның ішке қарай бұрылғаны.

Сіз өзіңізге деген сенімсіздікті жасыра алмайсыз. Егер табаныңыз осындай тұрыста болса, сіз жабық адам болып көрінгіңіз келетінін білдіреді.

Айқастырылған аяқ.

Аталмыш тұрыста сіз үстіңгі аяқтың табаны қайда қарап тұрғанына назар салыңыз. Бұл топтағы ең жағымды сұқбаттасушыға бағытталғанын көрсетеді екен.