Ас мәзіріБез рубрикиТіскебасар

Квелис куди

Бұл – жеңіл, тіскебасар тағам болғанымен, өте тойымды. Майлы әрі қою болғандықтан, ол нанмен бірге ұсынылады. «Ірім­шік тақиялы», шы­рынды тағамды жасап, дә­мін та­тып көруге ке­­ңес береміз.

1.43K (1000)Қаралымдар

құрамы:
200 гр. қозықұйрық
2 балғар бұрышы
200 гр. қақталған және
балғын сулугуни ірімшігі
2 түйір сарымсақ, 1 пияз
2 ас қ. соя, қара бұрыш, тұз
2 тамшы сірке қышқылы

Дайындау әдісі:

1. Ең алдымен қозықұй­рықты тазалап, кептіріп, тұтастай үлкен болса, ортасынан бөліп, өсімдік ма­йына қара бұрыш пен соя қосып, қуырып алыңыз.

2. Блендерге балғар бұрышын, томат тұздығы, сарымсақ, пияз, тұз, бұрыш қосып, соус жасаңыз.

3. Соусты қыш ыдысқа құйып, үстіне сірке қышқылын тамызып, пешке салып, 160°C-та 10 мин.-қа қойып алу керек.

4. Оның үстіне қуырылған саңырау­құлақты қо­сып, пешке қайта сала­мыз.

5. Бірге қайнап, суы тартыла бастағанда пештен алыңыз. Сорпасы қою болуы тиіс.

6. Енді оның бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті түгелдей жайып, пешке қайта салып, 220°C-қа қоямыз.

7. Ірімшік әбден еріп, суреттегідей алтын түске енбейінше пештен алмаймыз.

8. Тағамның бетін ақжелкен, анар және жебіршөппен сәндесек, тәбет ашар асымыз дап-дайын болып шыға келеді.