Сырласу
Без рубрикиДенсаулықСаулық үшін

Климакс – кедергі емес!

Климактериялық өтпелі кезеңі – аналық без қызметі әлсірей бастағанда орын алатын бір саты. Бұл кезде әйелдің жыныстық гормондары ағзаның қызмет жүйесіне әр түрлі әсер етіп, басқа арнаға бұрылады. Бүгінде қоғамда климактерияға деген жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Бұл сәтте әйелдерге аяушылық таныту жиі кездеседі. Тіпті «әйелдік және жыныстық тартымдылығын жоғалтады» деген сенім де жоқ емес. Менопаузаны көбісі белсенді өмір мен мансаптың аяқталуы ретінде қабылдайды. Десе де, климактерия жай ғана жастық пен кемелдену арасындағы кезең болғандықтан, барлығына түсінікпен қарау өте маңызды.

744Қаралымдар

Менопауза кезеңдері:

Климактериялық кезеңді анық­тау үшін келесі терминдер қол­да­нылады:

  1. Пременопауза
  2. Менопауза
  3. Перименопауз
  4. Постменопауза

Пременопауза – аналық бездің гор­мон­алды қызметі төмендеуінің алғашқы кезеңі, 2-6 жылға дейін созылады. Ол етеккір мерзімінің өзгеруі­мен, кейде етеккірлер аралығында қанды бө­лін­дінің байқалуымен сипат­талады. Бұл әйелдік жыныс гормоны – эстрогеннің же­тіс­пеушілігімен байланысты.

Белгілері: ыстықтау, аяқасты терлеу, ұйқының бұзылуы. Орталық жүй­ке жүйесінен бастау алатын әлсіздік, эмоционалдық тұрақсыздық, де­прес­сиялық көңіл-күй сияқты белгілер кү­ті­леді. Уақыт өте келе оған қынап ат­ро­фиясы, жыныстық қатынасқа қызығушылықтың төмендеуі және зәр шы­ға­ру жүйесі жағынан да белгілер қосылуы мүмкін.

Жиі кездесетіні – әйелдердің ­75%-ы­­­­­нан астамында болатын «ысынулар». Әйелдер бұл құбылысты аяқасты ыстықтап, бет пен кеуденің жоғары жағында «ысынулар» және тер пайда болуымен сипаттайды. Осы кезде мазасыздық, тамырдың қатты соғуы және терінің қызаруы да орын алуы мүмкін. Бұл құбылыс әдетте 2-4 минутқа созылып, жиілігімен ерекшеленеді. Кейбір әйелдерде күніне бірнеше рет қайталанса, ал бірінде айына бір рет кездеседі. «Ысынулар» өмірге қауіп төндірмегенімен, әйелдердің өмір сүру сапасы мен белсенділігін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Климакстың пайда болу уақытына байланысты белгілері:

1. топ: Ерте белгілері

Вазомоторлық  – ыстықтау, тоңып дірілдеу, шамадан тыс терлеу, бас ауруы, жүрек соғуы.

Эмоционалды-вегетативті – ашу­шаң­дық, ұйқышылдық, әлсіз­дік, алаңдаушылық, депрессия, ұмыт­шақтық, немқұрайлылық, жыны­стық құмарлықтың төмендеуі.

2 топ: Орта мерзімді белгілері

Жыныстық жағынан – қынаптағы құрғақтық, жыныстық қарым-қатынас кезінде ауырсыну, қышу және күйдіру, цисталгия (зәр шыға­ру кезінде қуықтың ауыруы), зәрді ұстай алмауы.

Тері мен оның айналасы жағы­нан – құрғақ және сынғыш тырнақтар, әжімдердің пайда болуы, құрғақтық әрі сынғыш шаш.

3 топ: Кеш белгілері

Зат алмасу жүйесіндегі бұзылыстар – жүрек-қан тамыр аурулары (атеросклероз), постменопаузалық остеопороз, Альцгеймер ауруы.

Менопаузаның ерте басталуына не себеп?

Себептері сан алуан. Көбіне – генети­калық бейімділік. Екінші себеп – аутоим­мундық бұзылулар, ол кезде аналық безге қарсы антиденелер пайда болады. Сонымен қатар, күйзелістік те аналық без қызметінің ерте тоқтауына ықпал етеді деген пайым бар. Әрине, оған зиян келтіретін фактордың бірі – никотин. Оған қоса, жатыр мойнына және жатыр мүшелеріне жасалған хирургиялық ота­лар да әсер етеді. Аналық безге ота жасалып, без тінінің бөлігі алып тасталса, аналық бездің қоры төмендеп, менопауза ерте басталады. Бүгінде үлкен көлемді миомасы, эндометриозы бар әйелдерге белсенді түрде ота жасалып жүргенін білеміз. Бұл өмір сүру сапасын едәуір төмен­детеді, көршілес мүшелердің қызме­тін бұзады, гемоглобиннің төмен­­деуіне, анемияға алып келеді. Жатырды алып тастау біршама әйелдерде аналық без қызметінің ерте тоқтауына әкелуі мүмкін, бұл аналық бездердің қан айналымының бұзылуымен байланысты.

Емдеу шаралары

Менопаузалық гормондық терапия (МГТ) – климакстағы вазомоторлық белгілерді емдеудегі «алтын стандарты» болып қала береді. МГТ емі әр елде айтарлықтай ерекшеленеді. Құрама Штаттарда алғашқы және кейінгі менопауза кезеңінде МГТ-ны қолданатындар саны 30-40%, Австралияда 28%, Еуро­пада 12-ден 30% -ға дейін.

2008 жылғы деректерге сәйкес, ресейлік әйелдердің тек 0,6% -ы МГТ қабылдаған. Ал, елімізде МГТ препараттарын қолдану жиілігі өте төмен деңгейде. Ол 0,9%-ды құрайды. Себебі отандық дәрігерлер емдеудің бұл түріне бейім емес, әрі ақ халаттылардың да, емделушілердің де арасында гормонды емнен қорқу басым.

Сонымен қатар, алғашқы және кейінгі менопау­за кезінде бұл емді алуды шектейтін бірқатар мәселелер бар. Ең бастысы – әйелде гормоналды препараттарға қарсы көрсеткіштердің болуы. Сүт безі қатерлі ісігіне, аналық без, жатыр, тамыр тромбоэмболиясынан зардап шеккен барлық әйелдерге МГТ препараттарын қолдануға болмайды.

Климактерия кезіндегі «ысынуларды» емдеу­ге арналған, гормоналды емес ҚР тіркелген препараттардың бірі – Клималанин (β-аланин), Франция. Клималанин адам ағзасында карнозин мен пантотен қышқылының жиналуы­на әсер етіп, энергетикалық зат алмасудың тұрақтылығын реттейды. Терморегуляцияның реттелуіне және «ысынулардың» азаюына әкеліп, сыртқы қан тамырларының кенеттен кеңеюіне жол бермейді. Ыстықты сезіну, бас айналу, бас ауыруды жояды, терлеуді азайтады. Клималанин жағымсыз әсер тудырмайды, сұйықтықты ұстамайды, тромбоздың және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырмайды.

Кли­­маланин табиғи және жасанды менопау­за белгілерін бір мезетте тиімді түрде жояды. Гормоналды белсенділігі болмағандықтан оны қатерлі ісікке шалдыққан және тромбоэм­болияның жоғары қаупі бар емделушілерге де қолдануына мүмкіндік береді.

Клималанин – менопаузалық симптомдардың алдын алу және емдеуге арналған ұзақ мерзімді пайдалану үшін тиімді құрал. Клималанинмен емдеу аясында науқастардың жалпы жағдайы жақсарады, сақтау қабілеті артады, психоэмо­ционалды және вегетативтік тамыр бұзылу­лары реттеледі.

Алматы қаласында әйелдерде климактериялық синдромның жоғары болуына байланысты, қалалық емханаларда медициналық көмекке сұраныс деңгейі төмен. Әйелдердің 65,7%-ында менопаузаға деген теріс көрқарас қалыптасқан және емдеу қажеттілігі туралы ақпараттанбаған. Бұл кезде әйелдер медициналық көмекке жүгін­бей, өз мәселелерімен жалғыз қалып, өздерінің өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетеді. Бұл жағдайды акушер-гинекологтан уақытылы кеңес алу арқылы өзгертуге болады.

Надежда КОБЗАРЬ:

м.ғ.к., Қазақстандық менапауза

ассоциацияның президенті, денсаулық

сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер

Менопауза кезеңіндегі нұсқаулық

1. Дене салмағын бақылау. Салмақтың артуы, май мөлшерінің ұлғаюы жылу өткізгіштігін өзгертіп, жылуды ауыстырады. Семіздікке ұшыраған әйелдер қалыпты дене салмағындағы әйелдерге қарағанда ысынуларға бейім келеді.

2. Тамақтану. Орташа, төмен калориялы диета ұзақ уақытқа созылатын репродуктивті кезеңге, жоғары белсенділікке және ұзақ өмір сүруге көмектеседі.

3. Ұйқы – салауатты қартаюдың өте маңызды аспектісі. Ұйқының сапасы мен мерзімі азайған сайын климактериялық шал­дығулар, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуы күшейеді. Әйелдерге ескерту: егер осы өтпелі кезеңде ұйқысыздық орын алса, бұл міндетті түрде назар аударуды және оны қалыпқа кел­тіруді талап етеді. Ұйқы мәселесін қалыпқа келтіру климактериялық кезеңдегі туындауы мүмкін көптеген қажетсіз асқынуларының дамуына жол бермейді.

4. Белсенді өмір салты. Күніне 10 000 қадам жүру – күнделікті норма. Ол денсаулыққа жақсы әсер етіп, көптеген мәселелерді болдырмайды.