News

Кристиан Зигер алғаш рет Алматыда

Жуырда Esentai Square аллеясында журналистер, архитекторлар мен дизайнерлер неміс-дизайн бюросының директоры Кристиан Зигермен кездесті.

298Қаралымдар

Кристиан Зигер компанияның дамуын, қызмет көрсету саласын, шығармашылық тәжірибелер мен SIEGER бренді тарихындағы қайталанбас тапсырыстар жайында әңгіме қозғады.

Кристиан Зигер баспасөз-мәслихатында «Ғаламдық трендтер мен олардың қолданыстық тауарларға ықпалы» атты лекциясын оқып, өзі құрастырған Small Size Premium Spa (SSPS) – «Шағын жоғары сапалы спа» концепциясы туралы баяндады.

Sieger Design компаниясы қазір әкелері Дитер Зигердің ізін жалғап келе жатқан ағайынды Кристиан мен Михаэльге тиесілі. Шлосс Харкоттен қорғанында орналасқан компания қарындаш пен қаламнан бастап, киім-кешек, ыдыс-аяқ, көлікке дейін әр түрлі тауарлардың дизайнын жасайды. Көптеген фабрика және жоғары сапалы стандарттарға сай компаниялармен, оның ішінде: Dornbracht, Duravit, Conmoto, Fürstenberg және т.б бірге қызмет етеді.

Dornbracht брендімен 27 жылдан аса уақыт серіктес болып келеді. Бұл серіктестік 1985 жылы Дите Зигердің кезінде бастау алған. Ол кезде енді ғана қолданысқа ене бастаған бір тұтқышты жаңа Domani су ағызғыш жобасын ұсынған екен. Қазір Dornbracht бренді Sieger Design бюросымен тек қана дизайн жағын ойласып қоймай, өзара қарым-қатынас жасау және бизнес-стратегияны дамыту жайын талқылайды.

Ал, Dornbracht – жаңа трендттерді дүниеге әкелуші 60 жылдық тарихы бар атақты неміс бренді. Компания ваннаға және ас бөлмеге арналған өте сапалы техникаларды дүниеге алып келумен айналысады. Оның бұйымдары 100% Германияда жасалады. Мұнда техниканың әрбір ұсақ-түйегінің сапалылығына кепілдік беріледі.

50 жыл бұрын, зауыттың негізін қалаушы Алоис Дорнбрахтың алғашқы өнертабысы, жұмсақ түтіктен жасалған шүмек болған. Одан кейін құбырдың айналмалы топсалары дүниеге келіп, уақыт өткен сайын сұранысы да артып отырған.