News

Күзгі жаңғыру: Golden Glow-мен өткен сиқырлы уақыт

Ресей мен ТМД елдері арасында сұранысқа ие, белгілі тренер Евгения Ванахт қазақстандық нәзік жандыларды өзіне деген сүйіспеншілікті дамытуға шақырды. Golden Glow тренинг орталығы ұйымдастырған жиында Евгения «Махаббат пен молшылық» тәжірибесін жүргізіп, тыныс жолдары арқылы интимді бұлшықеттерді басқару туралы әңгіме қозғады.Тренер әйелдердің талдырмаш әрі өзіне сенімді болу керектігін атап өтіп, қатысушыларды медитация жасауға шақырды.

232Қаралымдар

“Байқасаңыз, біз, әйелдер қауымы, үнемі өз-өзімізбен диалог жүргіземіз. Өзіміздің ішкі даусымызбен арпалысамыз. Сізге “Мен былай айттым, оны былай деп жеткізген дұрысырақ еді. Қап! Былай істеуім керек еді” деген өкінішпен айтылған сөздер таныс па? Осылайша өзімізді қуаттан айырып алып жатамыз. Бұл еркектік мінездің көрсеткіші”, – дейді Евгения.

Айта кетейік, біздің елімізде Евгения жыныстық қатынас, ер мен әйел арасындағы ынтық сезім, әйел тартымдылығы тақырыптарын бірінші болып көтерген. 90 жылдың ортасында Мәскеуде ашылған Гейшалар мектебін құрастырушылардың бірі. «Әйел болу өнері», «Айлы лоно», «Интимді бұлшықеттерді басқару», «Афродитаның құпиясы» авторлық кітаптары Евгения Фролова лақап атымен жарық көріп, көптеген қыз-келіншектің жүрегінен орын тапқан.

Нәзік жандылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, уақытты көңілді әрі пайдалы өткізді. Сонымен қатар, қонақтар астролог Жанар Кәрібайдан жеке кеңес алып, «Сансара дөңгелегі» атты трансформациялық ойынына қатысу мүмкіндігін иеленді.

Жиынға қатысушылар Lilit бренді мен Аида Кауменова, Илона Сонг секілді белгілі дизайнерлердің туындыларын қызықтап, Guerlain ұсынған сыйлықтарды ұтып алды.

Қонақтар бір-бірімен танысып, тәтті тағамдардан ауыз тиіп, позитивті энергиямен сусындады. Оған қоса бұл күнді естелік етіп қалдыру үшін керемет фотосессия ұйымдастырылды.