TrendСән

Күз-қыс маусымының сәнді етіктері

590Қаралымдар

Шұлық етік.

Ботфорт немесе шұлық-етіктер күз-қыс 2018-2018 жылдың трендіне айналған. Бүгінде әрбір қыз-келіншектің гардеробында осындай аяқ киім болғаны дұрыс. Ботфорт пен шұлық-етікті қысқа көйлектермен киіп, аяқты арық әрі ұзын етіп көрсетуге болады. Сонымен қатар мұндай аяқ киімдердің өкшесінің биік не аласа болғаны маңызды емес. 

Ақ түсті етік.

Ақ түсті етік те бүгінгі таңда көптің көңілінен шыға алатын таптырмас аксессуар. Себебі, ақ түс – күз-қыс мезгілінің басты түсі. Оған қоса өзі ісінің хас шеберлері, әлемнің үздік кутюрьелері өзінің жаңа топтамаларына ақ түсті етікті қосып, сән көрсетілімінде жарқыратып жүр.  

Мұндай стильді аяқ киімді көйлекпен де, түрлі белдемшелермен киюге болады.