Ас мәзіріСорпа

Машхорда сорпасы

304Қаралымдар

Құрамы:
маш
өсімдік майы
сиыр еті
томат пастасы
сарымсақ
пияз
балғар бұрышы
сиыр сорпасы
картоп
қызыл сәбіз
күнзе (кинза)
тұз
қара бұрыш
айран Дайындау әдісі:

1. Машты 12 сағат бойы суға бұқтырып қоясыз.

2. Барлық қажетті қоспаларды текшелеп турайсыз. Тым ірі болмағаны жөн. Түбі қалың қазанға өсімдік майын құйыңыз.

3. 5 минут бойы етті қуырасыз. Пиязды, одан соң сәбізді қосыңыз. Екеуін қуыруға 3 минут жеткілікті.

4. Томат пастасын қосқаннан кейін де 5 минут майда ұстаңыз. Үстіне картопты салыңыз. Содан соң сиыр сорпасын қосып, қайнағанша күтіңіз.

5. Машты қазанға салыңыз. Маш пен ет піскенше қайнатыңыз. Ол үшін шамамен 50-60 минут уақыт кетеді.

6. Асты дайындау кезінде тұз, бұрыш, ұсақталып туралған сарымсақ пен күнзені қосыңыз. Дастарқан басындағыларға машхордамен бірге айран ұсыныңыз.