Ас мәзіріНегізгі асТәтті дәм

Мерекелі дастарқан! Leto Market ұсынған жаңа жылдық ас мәзірі

711Қаралымдар

Мильфей тәттісі

Қатпарлы қамырдың құрамы:

3 стақан ұн; 2 жұмыртқа;

1,5 стақан су; тұз, ванилин;

100 г сары май.

Дайындау әдісі:

1. Ұн, жұмыртқа, тұз, ванилин, суды қосып, қамыр илеп аламыз. Иіні қанған соң, жұқалап жайып, бетіне сары майды жағып, шетінен ішке орап, қайта дөңгелек пішінге келтіреміз.

2. Оны 30 мин. тоңазыт­қыш­қа салып алып, жұқа­лап жа­йып, 10*10 см шаршы етіп кесеміз.

3. Қамырды қызған пешке қытырлақ, қызғылт болғанша 220°С-та пісіреміз.

Ірімшікті кремнің құрамы:

500 г. сүзбе ірімшігі;

100 г. сары май;

50 гр. қант ұнтағы.

Дайындау әдісі:

1. Май мен ірімшікті тоңазыт­қыштан 1,5-2 сағат бұрын алып қою қажет. Бірақ аса еріту­ге болмайды.

2. Сары май, қант ұнтағын блендерге салып, жұмса­рып, ақ түске енгенше қатты жылдамдыққа қоямыз.

3. Ірімшікті басқа ыдысқа жұмсартып, сары майға аз-аздан қосып отырып, жақсылап араластырамыз. Крем дайын!

Енді Мильфейді дайын­дауға кірісейік:

1. Ол үшін қытырлақ нанды қаз-қатар тізіп, әрқай­сысының бетіне крем­ді құйып, үстіне құлпынай, таң­қурай, көкжидектерді бір бірден батыра қойып шығамыз.

2. Үстіне қытырлақ наны жабысып тұруы үшін тағы крем жағамыз да, келесі қабатын жасаймыз. Ең үстіне қытырлақ нанды қойған соң, үстін ақырын басамыз. Тәтті тағам дайын!

Маңызды: Мильфейді ұсынар кезде 30-60 минут тоңазытқыш­қа қойып алу керек. Тәтті күлшенің бетін қалған креммен не жемістермен және қант ұнтағымен сәндеуге болады. Кейде оны түрлі жаң­ғақ­тармен әрлесеңіз де дәмі ерекше­лене түседі.

2-ТАҒАМ: ТЕҢІЗ ӨНІМІНЕН ЖАСАЛҒАН ПАСТА

Құрамы:

2 ас. қ. қызанақ соусы

50 г. черри қызанағы

30 г. балық сорпасы

50 гр. кілегей

130 г. каракатица сиясы қосылған спагетти

50 г. кальмар, асшаян, сегізаяқ, теңіз ирекшелері

20 гр. қатты ірімшік

ақжелкен, 2-3 түйір сарымсақ, зәйтүн майы

Дайындау әдісі:

1. Спагеттиді қайнаған тұзды суда 10 минут пісіріп аламыз. Оны ыдысқа сүзіп алып, зәйтүн майына араластыру керек.

2. Теңіз өнімдерін жуып, кептіріп, қызанақты ортасынан бөліп, сарымсақты үккіштен өткіземіз.

3. Қызған табаға зәйтүн майын құйып, сарымсақ, қызанақ, теңіз өнімдерін салып, қатты отқа алтын түске енгенше қуырып, үстіне балық сорпасын құямыз. Сосын спагеттиді салып, 2-3 минут бұқтыру қажет.

4. Үстіне кілегейді құйып, ол қоюланғанша күтеміз. Оған үккіш­тен өткізілген ірімшік, қызанақ соусын қосып, 2 минуттан кейін оттан аламыз.

5. Пастаны тәрелкеге салып, көк шөптермен сәндеп берсек, тәбет ашар асымыз дайын болып шыға келеді!

3-ТАҒАМ: АЛМҰРТ ЖӘНЕ ГОРГОНЗОЛА ПИЦЦАСЫ

Қамырдың құрамы:

320 г. ұн

200 мл. ысқылтым су

4 г. құрғақ ашытқы

4-5 ас. қ. зәйтүн майы

½ шай.қ. тұз

1 ас.қ. бал

Қоспасына: 2 дана піскен қатты алмұрт, 200-250 г. гор­гонзола ірімшігі, 1 ас.қ. зәйтүн майы қажет.

Дайындау әдісі:­­

1. Бірінші, пиццаның қамырын дайындаймыз. Ол үшін суға ашытқы, тұз, балды қосып жақсылап араластыру керек.

2. Сосын оны зәйтүн ма­йымен бірге ұнға ақырын қоса отырып, қамырын илеп алып, қалың сүлгіге орап, 30 минут жылы жерге қойып қоямыз. Қамыры тегіс әрі біркелкі болуы тиіс.

3. Қамыр кішкене көтеріл­генде, қайта илеп, 30-40 минутқа қалдырамыз.

4. Дайын қамырды 2-ге бөліп, бір бөлігін жұқа етіп жайып, пештің ыдысына салып, бетіне зәйтүн майын жағамыз.

5. Оның бетіне горгонзала ірімшігін, одан кейін, алмұртты жуып, жұқа етіп турап, қамырдың үстіне реттеп қойып шығамыз.

6. Дайын үлгіні алдын ала қыздырылған пешке 10-12 минутқа 220 градусқа салып, пісіреміз. Пицца дайын! Оны ыстық күйде ұсыну керек.