Жан әлеміӨзіңді дамыт

Нумерология. Доңыз жылы – ерекше жыл!

970Қаралымдар

Сандар бізді барлық жерде қоршап тұр. Сондықтан олардың энергиясы біздің өмірімізге айтарлықтай әсер етеді. Нумерологиялық болжамдар желтоқсандағы қолдаушы-сандар құпиясын ашады және осы айдағы ісіңізді жоспарлауға көмектеседі. 2018 жылдың соңғы айы жеті санының қорғауында болды. Бұл өмірдің көптеген саласында адамдарға өз мақсаттарына жетуде бірнеше нұсқа ұсынылатынын білдіреді. Бірақ тез жүзеге асыру үшін оның біреуін ғана таңдауға тура келеді. Осы ай маңызды мәселелер мен шешу әрекеттердің аяқталуы үшін өте ыңғайлы. ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу свинья копилка

Ал келіп жеткен доңыз жылы жер бетіндегі көптеген адамдар үшін ерекше жыл болмақ. Желтоқсан айыннан әсіресе, 8-інен бастап Доңыз жылының энергиясы біздің өмірімізге ақырын, біртіндеп ене бастады. Бұл жылдан аса қарқынды қозғалысты күтудің қажеті жоқ. Қай жерде жақсы болса, сол жақсылық біраз уақытқа сақталады. Орташа іске алы тұрған қызмет те айтарлықтай өзгеріссіз бірқалыпта қалады. Кейбір дүниелердің осылайша баяу жүруі жыл соңына дейін алғасады. Жаңа бастаманы қолға алып немесе жаңа өмірге белсене кірісу үшін біршама кідірістер де қажет болар.

“Үй жұмысы” барлық адамда бастан асады. Оның жыл соңында тіпті көбейетіні белгілі. Бірақ үйдің іші барынша үйлесімді көрінеді.  Сондықтан, жалпы алғанда жұмыста үлкен алаңдаушылық жоқ. Туған жылының соңы 7-ге аяқталатын, сондай-ақ жұлдызнамасында жылан белгілері бар адамдарда басқаларға қарағанда тұрақтылыөқ аз болады. Мысалы, ол адам жылан жылында немесе жылан айында тууы мүмкін. Жылан айы қай ай десеңіз, ол қытай жұлдызнамасы бойынша мамырдың 4-7-сінен кейінгі күндер деп саналады. ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу удачливый человек

Туған жылының соңы 7-ге аяқталатындарда жүрек-қантамыр жүйесінде мәселелер болмаса, еш қауіп жоқ. Олардың өмір сүру қарқыны оң көрсеткішті көрсетеді. Алдағы жылы олардың тағдыр бойынша еркелетпек. Басшылық қолдап, баю жолында керемет мүмкіндіктер туады және уақытыңыз барлық жағынан жағымды өтеді.

Осыдан бөлек, туған жылы 6 санына аяқталатындар үшін “Мейірбан адам жұлдызы” іске қосылады. Бұл уақытында қол ұшын созып, қолдау білдіретін адамдарға байланысты болатын қандай да бір сәттілік. ÐŸÐ¾Ñ…ожее изображение

Сондай-ақ, туған жылы 5 санына бітетіндер үшін де жақсы болжамдар бар. Бұл кісілерде жұмыстың сәті түседі. Денсаулықты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік туады.

Ал жылан, тауық және сиыр жылында туғандар үшін “Саяхатшы жылқы жұлдызы” іске қосылады. Бұл жұлдыз әдетте саяхат, ауысу, қоныс аудару, ақпаратты белсенді қабылдау және тарату, ағымдағы істерді белсенді етеді.

Гүлжан ТҮМЕНБАЕВА

“Сырласу” журналының нумерологы