Жан әлеміӨзіңді дамыт

Ойлау қабілетін жақсартудың тиімді жолдары қандай?

176Қаралымдар

Көңіл көтеру миға пайдалы. Біріншіден, бұл күйзелісті жеңілдетуге және оның ағзаға теріс әсерін азайтуға көмектеседі. Екіншіден, жаңа дағдыларды игеруді қажет ететін сабақтар жаңа нейрондардың пайда болуына ықпал етеді.

Егер сіз бар уақытыңызды жұмыс жасауға жұмсасаңыз, миыңыз пайдалы дүниелерден маhрұм қалады.

Кітап – ем

Ғылыми факт: қызығушылықтар мен хоббидің болмауы аурулардың пайда болуына әкеп соғады.  Мәселен, кітап оқу тынығуға, ағзаның тынығып, сауығуына әсер ете алады.

Артық салмақ ойлануға кедергі келтіреді

Артық салмақ есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Семіздік бос радикалдар санының өсуін және ми жасушаларының санын азайтатын қабынудың пайда болуын ынталандырады. Демек, егер сіздің артық салмағыңыз болса, сізге ойлану,  сабақ оқу және жұмыс істеу қиынға соғады.  Дэвид Перлмуттер мәселені шешу үшін тамақтану рационын өзгертуге кеңес береді.