ОтбасыОтбасы бюджеті

Отбасы – бизнес тәрізді

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру жүйесін жеделдету үшін Мемлекет басшысы халыққа жыл сайынғы Жолдауды жариялады. Болашақта білімнің негізі – қаржылық сауаттылық болмақ. Ақшаны қалай қолданған дұрыс және отбасылық бюджет тәртібін қалпына келтіруді қалай үйренуге болады? Ақшаны үнемдеу немесе несиеге өсмір сүрмес үшін қандай әрекеттер істеу керек? Осы және өзге де өзекті қаржы мәселесі туралы «Береке» қаржылық сауаттылық орталығы ой толғап, көпшілікті мазалаған сауалдарға жауап береді.

281Қаралымдар

Отбасы – бизнес тәрізді 

Зерттеу нәтижесінде, отбасындағы мәселелердің 40%-ын қаржылық қиындықтар құрайтындығы анықталды. «Ақша неге үнемі жетпейді? Ал, жеткілікті болу үшін қалай ақша табамын?» деген сауалдарды халық көп қояды. Адам баласының өмірі ақшамен тікелей байланысты екені анық. Сондықтан, әрбір адам, ең алдымен, табатын жалақысына қарай «қаржылық жоспар» құрған жөн. Ақша – бұл өмір сүру құралы. Оны дұрыс қолдана білген маңызды.

«Береке» қаржылық сауаттылығын орталығының басты мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы жеке қаржылық жоспарлау нарығының дамуына ықпал ету. Бірақ әзірге Қазақстанда мұндай нарық жоқ. Сондықтан, сауаттылыққа емес, қаржылық сауатсыздық пен оның зардаптарына көп көңіл бөлінеді. Қаржылық сауаттылық болмағандықтан адамдар отбасылық бюджетті үйренуге емес, ақша жетпеген жағдайда несие алуға жүгіреді. Көптеген адамдар отбасылық бюджетті есептеймейді, қалтаның жағдайына да қарау керектігіне мән бермейді. Яғни, қаржылық сауатсыздық адамды жауапкершілікті сезінбеуге ықпал етеді. Бұл тек отбасыдағы ғана қиындық емес, бүкіл ұлттық экономикаға кері әсер ететін құбылыс.

 «Қаржылық жауапкершілік» дегеніміз не?

Қаржылық жауапкершілік – ең алдымен кіріс пен шығысты есептеп, ақша жұмсаудың ретін түсіну. Бір сөзбен айтқанда, әлемдегі материалдық тұрақтылықты емес, отбасылық тұрақтылықты құру қажет. Әрбір отбасы – жеке кәсіпорын. Арнайы басшысы болып, мақсат айқындалып, тәуекелдер жасалып, шешімдер шығарылады. Кез-келген уақытта жаңа өмір бастауға болады.

Бұл үшін бірнеше қадамдар жасау керек:

  • отбасылық жиналыс
  • мақсаттар қою
  • әрекеттер жасау
  • бюджет қаражатын инвестициялау.

 Жасырын тұзақтар

Кез келген, жеке басқа немесе отбасыға арналған бюджетте негізгі үш тұзақ бар. Сол тұзақтардан қашқан дұрыс.

1. Parkinson заңына сәйкес, кіріс артқан сайын шығын да автоматты түрде өседі. Адам көп ақша таба алатынына сенімді болады. Бір нәрсеге жеткеннен кейін, адамда керекті, алғысы келетін заттар көбейе береді. Киім бутиктерін ауыстыру, тұрғын үй кеңістігін кеңейту, жаңа автокөлік сатып ал сынды сұраныстар артады.

2. Жоғарыдағы бірінші тұзақтан екінші қақпанға түсіп қалғаныңызды өзіңіз де аңғармай қаласыз. Ол – қаржылай пайда әкелмейтін, пассивті активтердің өсуі. Яғни, жұмыс істейтін активтер сіздің қатысуыңызсыз-ақ пайда әкеліп тұрады. Ал, «кертартпа» активтер – қымбат киімге жұмсайтын ақша, кең пәтерге төлейтін салықтың да көлемі бұрынғыдан едәуір көп болып, қалтаңызға түсе бермек.

3. Үшінші тұзақ «жұмсау үшін таптым» деген ішкі азғырулар десек те болады.

 Түйсік

Адамдардың ойлау қабілеті екі түрлі болады – кедей және бай. Біріншісі жинаған ақшаны лезде құртуға бейім, сондықтан ол қайтадан нөл қалпына оралады. Оны былай түсінуге болады: адам тек 8 сағат жұмыс істейді, ал 24 сағат ақшаны жұмсай алады. Жалпы өмірде коммуналдық төлемдер, көлік мәселесі сынды көп нәрсе қымбатырақ. Демек, несие мен қарыздар көп.

Бірақ шын мәнінде, тұтыну философиясымен қатар, жинақтау және үнемдеу философиясы да бар. Көпшілік: «Әрине, ақша жинау керек. Бірақ, тапқанымыз өзімізге жетпесе қалай ақша жинаймыз?» дегенді көп айтады. Десе де, бір тиыннан да дүние құрауға болатындығын ұға бермейді. Бюджетте шағын қадамның өзі нақты өзгерістер әкеледі. Айталық, сіз айына 1000 теңгеден жинадыңыз. Бұл ақшаны жоқ деп ойлап және ұстамағаныңыз жөн. Депозит ашыңыз. Келесі мөлшер – 1500 теңге, ал содан кейін 2000 теңге. Бастысы – өз-өзіңізге мықты болу. Жыл бойына қанша ақша үнемдеуге болатындығын есептеңіз, бірте-бірте бұл мөлшерді көбейте түсіңіз.

Қорытындылай айтсақ, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізгіңіз келсе екі жолмен қатар жүре аласыз. Біріншіден, кірісті ұлғайту. Екіншіден, тұтынуды азайту. Сонда сіз бар-жоғы үш-төрт айдың ішінде жинақтау қорыңызда ең болмағанда 7000 теңгенің бар екендігіне көз жеткізесіз. Мәселе сол 7000 теңгемен байып кету емес, бұл өз-өзіңді тәртіпке салу. Мысалы, жұмыскер 150 000 теңге жалақы алады. Сол сомадан әр ай сайын 10% өзіне алып қалуы керек. Тек сосын барып – несие, коммуналдық төлем, тамақ және тағы басқаларды төлеуге болады. Бұл жасырын тәртіп пен тұрақтылық.