Бала саулығыДенсаулық

Педиатр сал ауруына қарсы тұрудың жолын айтты

Кейінгі жылдары балалар арасындағы сал ауруы (ДЦП) жүйке жүйесінің көп таралған ауруларының бірі. Орта есеппен 1000 жаңа туылған нәрестенің 6-сында бұл аурудың белгілері байқалады. Бұл туралы кеңірек дәрігер-педиатр Арайлым Айдынқызы тарқатып айтып береді.

71Қаралымдар
Арайлым Айдынқызы, дәрігер-педиатр

 

Церебральдық паралич – термин пренатальды, интранатальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған біршама синдромдардың тобын біріктіретін дерт. Яғни, мидың дамымай қалуынан, болмаса баланың жатырда дұрыс дамымауынан қозғалыс мүмкіндігінен айырылуы. Кей жағдайда психологиялық ауытқу да болады. Оны бала туылған кезден-ақ байқауға болады, бірақ кейде уақыт өте пайда болатыны да бар. Маманның айтуынша, бұл тұқым қуалайтын ауру емес екен, десе де генетикалық факторлар болуы мүмкін деген болжамды кейбір ғалымдар айтып жүр.

 

Сал ауруының белгілері:

Сәби кезінде балаға сал аруына диагностика жасау қиын, сол себептен ата-аналар балаларын невропотолог дәрігерге көрсеткені дұрыс. Бұл дерттің белгілерін балалар басын көп уақыт көтере алмауынан, қимылдауы, отыруы және еңбектеуі мен жүруі кеш басталғанынан аңғаруға болады. Одан кейін емшектегі жас сәбилердің рефлекстік  қасиеті біршама уақытқа созылып, буындарынан да әлсіздік байқалады.  Бұдан бөлек баланың көру қабілеті нашарлайды, есту, сөйлеу, ойлау секілді қабілеттері төмендеп, эмоциялық дамуы бәсеңдейді. Кейбір жағдайда эпилепсия және зәр шығаруы өзгереді.

Ата-ана, ескеріңіз!

  • 1 айлық нәресте қатты дыбыстарға мән бермесе, көзін ашып жұмбаса;
  • 4 айында қатты дыбыстарға басын бұрып қарай алмаса;
  • 4 айында ойыншықтаға қолын созбаса;
  • 7 айында өз бетімен отыра алмаса;
  • 12 айлық бала сөйлей алмаса;
  • 12 айында барлық қимыл қозғалысты бір қолымен жасаса;
  • Баланың сіңірі тартылса;
  • Бала көзінің қылиланса;
  • Баладағы қимыл-қозғалыстың жылдам немесе тым ақырын екендігі байқалса;
  • 12 айлық баланың жүре алмаса бірден дәрігер қабылдауына барыңыз.

Сал ауруының себептері:

Оған түрлі жағдайларды атауға болады. Мысалы: ананың жүктілігі немесе босану кезіндегі, бала өмірінің алғашқы жылдарындағы әр түрлі әсерлер. Бұл дертке ми жасушаларында гипоксия, асфиксия болуына байланысты оған оттегінің жеткіліксіздігі себеп бола алады. Оған қоса босану кезінде соққы алу деген сияқты жағдайлар да кездеседі. Әрине, өз кезегінде жүкті ананың инфекциялық аурулармен ауруы, жүрек қан тамыр және эндокриндік аурулардың болу да түрткі болуы мүмкін. Кейде ұрықтың жарақаттануы мен зақымдануы да кездеседі. Осы себептерге байланысты оның формалары өзгеріп отырады. Мысалы, кейде ДЦП-ның жеңіл түрі болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда ауыр түрлері кездеседі.

Сал ауруының түрлері:

  • Спастикалық дипелегия: Әдетте 40% жағдайда  осы формасы кездеседі. Бұл түрінде қимыл қозғалысқа жауап беретін мидың жарты бөлігі зақымдалады. Салдарынан жартылай немесе толық аяқ, қол  параличіне әкеліп соғады.
  • Екі еселенген  гемиплегияБұл сал ауруының күрделі  түрі, бұл кезде мидың үлкен шарлары зақымдалады. Ол бұлшық еттің қозғалысын төмендетеді, оның кесірінен балалар басын нық ұстай алмайды, отыру, қозғалу мүмкіндігі болмайды.
  • Гемипаретикалық форма: Ол жарты ми шарының дамымай қалуы. Дененің жартылай салдығына алып келеді.
  • Гиперкинетикалық: Ағзадағы құрылымы зақымдалады, бұл гиперкинез түрінде байқалады. Бұл көбінесе спастикалық диплегилейға ұқсас келеді
  • Атоника-астатикалық формасы: мидың зақымдануынан пайда болады,бұндай жағдайда қозғалу кординациясы жоғалады.

Сал ауруын емдеу:

 Көпшіліктің ойында «сал ауруы емделмейді» деген түсінік қалыптасқан. Бірақ, бұл қате екенін өзімнің тәжірибеме сүйеніп айта аламын. Маман ретінде ол пікірмен келіспеймін, себебі жұмыс барысында көптеген балалардың оңалғанын көзім көрді. Әрине, оның жазылуы бірінші кезекте аурудың дәрежесіне байланысты. 

Әйтсе де, мұндай балаға дәрі-дәрмектер қабылдаумен қатар, массаждың түрлері арқылы, дене шынықтыру ортопедиялық көмек, физотерапиялық процедуралар, сүлікпен емдеу, хиджама арқылы көмектесу керек. Баланың қимыл-қозғалысын жақсартудан бөлек сөйлеу, интелектуалды ойлау қабілетін жақсартқан дұрыс. Оны неғұрлым ерте бастаса, нәтижесі де жоғары болмақ.

Сал ауруын түзету жұмыстарының негізгі мақсаты:

балаларға дәрігерлік, психологиялық, педогогикалық, логикалық, және әлеуметтік көмектерді көрсету. Оларға мүмкіндігінше толық әлеуметтік белгілеу шараларын қатар жүргізілуі қажет. Сонымен қатар, сал ауруына шалдыққан балаларға арналған жаттығуларды әр балаға жеке тағайындайды. Оны жүйелі түрде орындап, ақырындап күрделендірген дұрыс.