Сырласу
ОтбасыОтбасы бюджеті

САЯХАТТАҒЫ ҮНЕМ

«Ақшаға досты сатып ала алмайсың, бірақ өте қызықты жандарды кездестіріп, таныстықты арттыруға болады», – дейді философтар. Жаңа таныстар мен ұмытылмас сәттерге ел-елді аралап, саяхаттаған кезде тап боласыз. Демалыс демалысымен, ал ақша өз орнымен жұмсалуы тиіс. Қаражат мәселесін ұмытпаңыз. Кез келген жағдайға дайын болыңыз.

59Қаралымдар

БАНКОМАТ – СЕНІМДІ СЕРІК
Саяхаттау кезеңінде өзіңізбен үлкен көлемде ақша алатын болсаңыз, оны банк картасында сақтаңыз. Ол өте қолайлы. Заң бойынша қолма-қол тек 1500 доллар ғана алып жүруге рұқсат етілген. Егер пластикалық карта болса, сол арқылы барлық жерде төлем жүргізген қолайлы болмақ. Банкоматтан ақша алсаңыз, онда үлкен көлемде алғаныңыз жөн. Мысалы 100 еуро, 20 емес. Өйткені ақша саны көп болса, соншалықты валюта бағамы қолайлы болмақ.Картинки по запросу обмен валют

АЙЫРБАСТАН ҰТЫЛЫП ҚАЛМАҢЫЗ!
Ақшаны Қазақстанда айырбастап алыңыз. Әуежай мен қонақүйдегі бағамға қарағанда өз қалаңызда ауыстырған әлдеқайда қолайлы. Көпшілік шетелдік ақша айырбастау орталықтарында комиссиялық қосымша қаржы ұстап қалады. Сондықтан ақша айырбас­тау пунктін «No commission» деген жазуымен іздеңіз. Ешқашан қолдан ақша айырбастамаңыз.
Егер Еуропаға жол тартсаңыз, долларды еуроға өз елімізде айырбастаңыз. Кәрі құрлық мемлекеттерінде доллар бағамы бізге қарағанда төмен. Доллар да, еуро да жергілікті валютасы емес мемлекеттерге баратын болсаңыз, ақшаны сол елдің өзінде сатып алуға тура келеді.

ЖАҢА ВАЛЮТА – ЖАҢАША ОЙЛАУ
Алғашында жаңа валютаға үйрену қиын. Сауда жасағанда барлығын есептеп, санап жүрудің еш ұяттығы жоқ. Айырбас жайлы түбіртекті тастамаңыз. Кейбір мемлекеттерде қалған ақшаны айырбастау үшін дәл сол құжат керек. Әмияныңыз бен құжаттарыңызға сақ болыңыз. Адамдар толы жерлерден өткенде сөмкеңізді мықтап ұстаңыз.

САҚТАНСАҢ – САҚТАЙМЫН!
Жағажайға барғанда зергерлік бұйымдарды, құжаттарды, ақшаны қонақүй сейфінде қалдырыңыз. Керекті ақшаны кішкентай сөмкеде ұстасаңыз болады. Егер су өткізбейтін қапшық сатып алсаңыз, кредит карточкасымен суға да түсе аласыз.

ҚАЙТҚАН МАЛДА ҚАЙЫР БАР 
Еуропалық Одақтас мемлекеттерінің дүкендерінде Tax Free жүйесі бар. Егер бір дүкеннен 100 еуродан аса сауда жасасаңыз, шекарада сізге сол тауардың салығын қайтарады немесе есепшотыңызға аударады. Tax Free жүйесін іске асыру үшін, паспортыңызды сатушыға көрсетіп, чекті сұраңыз. Мемлекеттен кетер кезде чекті көрсетіңіз. Басты ереже: салық төленетін тауар жаңа, оралған күйінде болуы шарт.

МАҢЫЗДЫ “ҰСАҚ-ТҮЙЕК” 
Телефоныңыздың есепшотын тексеріп отырыңыз. Әдетте үйге телефон соғу сіздің ұялы телефоныңыздан қарағанда, жергілікті автомат телефондармен қолайлырақ. Ұялы телефон арқылы жасалған қоңыраулар қонақүй тарифінен де қымбатқа түсуі мүмкін. Бірден ұялы телефонның роуминг тарифтері жайлы ақпарат алып, аз ақша жұмсаудың, үнемдеудің жолын қарастырған жөн.Картинки по запросу банковская карта и земля

БАНК КАРТАСЫ ҰРЛАНДЫ 
Дереу Қазақстандағы банк орталығына қоңырау соғыңыз. Карточкаңызды бірден жарамсыз етеді. Бірақ оны жаңарту тек елге келгеннен кейін жүзеге асады. Егер барлық ақша, құжаттар, қайтар билеттеріңіз баукеспелердің қолында кетіп, тақырға отырып қалсаңыз, жағдай қиын. Жылдам Қазақстан консулдығына барыңыз. Олар елге қайтуға көмектеседі.