Жан әлеміӨзіңді дамыт

Сенімділіктің 7 жолы

Адамзат баласы өзіне деген сенімділігін жоғалтып алатын кездер болады. Десек те, мұның тұңғиығына батып кетуге болмайды. Өйткені, өзіне деген сенімсіздіктің болуы – көптеген сәтсіздікке жол ашады.Сондықтан қай уақытта болмасын, қай жаста болмасын өзіңізді жоғары бағалап, барлық қарым-қабілетіңізді арттыруға тырысыңыз. Қандай да бір жетістікке жетудің төте жолы – сенімділіктің жемісті нәтижесі.

1.15K (1000)Қаралымдар

1. Ешқашан өзіңіздің батыл тұстарыңызды ұмытпаңыз және тым қатал болмаңыз
Тек қана өзіңізге тән сапалық қасиеттеріңіздің тізімін жасаңыз. Онда Сіздің қолыңыздан келетін дүниелер ғана болсын. Өз-өзіңізге шыншыл болыңыз. Жалғандықтан сырт айналып жүріңіз. Қол жетпейтін ерекше қасиетті іздеп, сарсаңға түспеңіз. Қарапайым ғана: жұмыс үстелімдегі реттілікті қалаймын, бастаған ісімді соңына жеткіземін, есте сақтау қасиетім жақсы дамыған, т.с.с. Бұл тізімді апта сайын оқып, тізіміңізді толықтыра беріңіз. Мінсіз адам болмайды. Қателіктерге бой алдырамыз. Алайда, оның бәріне біздің кінәміз болмауы мүмкін.
2. Ден­саулы­ғы­ңызды күтімге алыңыз
Күнделікті дене жаттығуларын жасауға дағдыланыңыз. Ол күш-жігер мен табандылықты арттырып, күйзеліске бой алдырмайды. Дұрыс тамақтанып, ұйқыға жеткілікті деңгейде көңіл бөліңіз. Әдемі болып жүргендігіңізден ләззаттанып, өмірден бәрін алып үлгеруге тырысыңыз.

3. Сабырлық сақтаңыз және кез келген күйзелісті жеңілдетуге тырысыңыз
Абыржу мен асығыстықтан қашыңыз. Күйзеліске қарсы тұрар төзімділікті дамытыңыз. Релаксацияның қарапайым техникалары мен күйзеліспен күресу – денені, ақыл-ойды тыныштандырып, қорғаушы шеңбер рөлін атқарады. Күнделікті релаксацияға кемінде 5 минут уақыт табыңыз. Күніге бірер минут шексіз ойға ерік берсеңіз зор пайдасын тигізеді.

4. Өз құ­қық­тар­ыңыздың бар екенін ұмытпаңыз
Құқықтарыңыздың барлығын жұмыс барысында жүзеге асырған жөн. Мәселен, өзіңіздің жеке пікіріңіз бар, сізді өзгелер құрметтеуі, тең дәрежеде сөйлесуі, тыңдауы және балағаттамауы қажет. Сіздің қателесуге, сәтсіздікке ұшырауыңызға хақыңыз бар. Сондай-ақ, шатасқан тұстарыңызды қайта түзеп, жаңадан бастауға да мүмкіндігіңіз бар.

5. Жоспарлаңыз, мақсат қойыңыз және ұйымдастыра біліңіз
Сіз дәл қазір қандай деңгейде тұрғаныңызды және болашақта неге қол жеткізетініңізді білгеніңіз жөн. Нені қалайтыныңызды анық біліңіз. Бәрін мұқият таразыға салыңыз және жоспарлаңыз. Алғашқы қадамыңыз қалай болатынын шешіңіз және соны жасаңыз. Алдыңызда қандай міндет тұрмасын, оған сақадай-сай болыңыз. Жеке басыңызды дамытуға көп көңіл бөліңіз. Сонда өзіңізді одан әрі жоғары бағалау жоғары бағалайсыз.

6. Өзіңізге деген сенімділік
Қозғалыс жасаңыз және өзіңізге сенімді сөйлеңіз. Сонда сіз жай ғана солай көрінбейсіз, өзіңізді солай сезінесіз. Басыңызды көтеріңіз, иығыңызды тіктеңіз. Әңгімелесушімен анық әрі нақты сөйлесіңіз. Әдемі дауыс ырғағыңызбен өзгені өзіңізге баурай біліңіз. Әркез сабырлылық пен сенімділікті ұмытпаңыз.

7. Қалағаныңызды көзге елестетіп, армандаңыз. 
Лимон қиықтарын жеп отырмын деп елестетіңіз. Ұртыңыз толықтай сілекейленген болар. Солай ма? Ал, адам миы қиялға берілу мен шынайы өмірде болып жатқанды ажырата бермейді. Сол себептен, қиялдаңыз. Ол міндетті түрде жүзеге асады. «Әрекет бар жер де, берекет бар екенін» естен шығармаңыз. Қай уақытта болсын ойыңызға ерік беріп, елестетіп көрумен қатар, соның орындалуына ұйытқы болыңыз.