Екеудің құпиясыЖан әлемі

Сылқым қыздың сыры: “Жігітім төсек қатынасына итермеледі”

3.11K (1000)Қаралымдар

Армысың, сүйікті басылым! Сырымды ақтарайын деп қаламымды қолыма алдым. Есімім Жансая. Бірнеше жылдан бері бір жігітпен жүріп жүрмін. Екеуміз де Тараз қаласының тумасымыз. Арада біраз жыл екі бөлек қалада өмір сүрдік. Яки, қашықтықтағы махаббаттың дәмін таттық. Ол жұмыс бабымен Алматыға ауысып кетті. Бірақ сонда да менімен ара-қатынасын үзген жоқ. Бұл да бір махаббатымызға сынақ болған болар. Екеуміз түнге дейін ұялы телефонмен сөйлесіп, ара-тұра кездесіп те үлгеретінбіз. 3 жылдан кейін мен де оның жанына қоныс аудардым. Енді бұрынғыдан да жиі кездесіп, бір-бірімізге жақын бола түсік. Оның қиналған сәтінде мен демеу болып, мен қиналғанда ол кеудесін сүйеп тұрады. Жігітім өте жақсы адам. Енді айтайын дегенім, екеуміздің басымыз қосылса, үнемі сезімге ерік беріп қоямыз. Жігітімнің мені қалайтынын білемін. Соңғы күндері төсек қатынасы жайында жиі айтатынды шығарды. Өзім де оған қой демеймін. Кеше танысқан жоқпыз, жүріп жүргенімізге біраз болды. Енді қосылсақ та болатын шығар деп ойланып жүрдім. Сөйтіп көп ұзамай бір күні Алматының жалдамалы пәтерлерінің бірінде керемет түнді артта қалдырдық. Болған іске еш өкінбеймін. Шынымды айтсам, осы қылығымыздан кейін жігітімнің маған ерекше бауыр басқанын байқадым. Өзгелердің жанына бір елі жуытайды. Мені жалғыз қалдырғысы келмей, үнемі баптаумен келеді. Жігіттің «байланды» дегені осы екен ғой. Жігітіммен қосылмай тұрып, ол маған суып қалады-ау, мені қолданып, тастап кетеді-ау деп бір сәт болсын ойланбаппын. Мүмкін ол да дұрыс болған шығар. Сол түннен кейін екеуміз төсекте жиі бас қосатын болдық.  Кейде бұлай жалғаса алмайды, бір-бірімізді тиып отырайық деп келіссек те, сезімге беріліп кетеміз. Ол мені төсекті сағынып, басқа біреуге беріліп қоя ма деп қорқады екен. Ал мен болсам, жігітімнен тартыншақтай берсем, ол мені қаламай қояды деп сескенемін.

Алғаш қосылып жүрген күндері төсек қатынасының не екенін ұқпай келдім. Шынымды айтсам, жігітім риза болса, болды деп жүрдім. Себебі ол қанша тырысса да ләззатты сезіне алмадым. Уақыт өте сол түнгі «майдандардан» кейін әйтеуір дегенде төсек ләззатын сезіндім. Осылайша екеуміз де тәжірибелі болып алдық. Енді «Тезірек үйленейік, той күнін белгілейік. Ата-анам келін күтіп отыр» деп құлақ етімді жеп бітті. Тақырыпты өзгертіп қойсам, «Сен мені қолданып жүрсің. Менен өзге біреуді кезіктіріп қалармын деп күтіп жүрген шығарсың. Уақытты неге созасың?»,- деп ашуланып, ренжіп шығады. Мен жігітімді сүйемін. Одан басқаларды тіпті ойыма алмаймын. Дегенмен, әлі шаңырақ көтеруге дайынмын ба? Cоны ойлаймын. Бір жағынан «темірді қызған кезінде соқ» деген бар емес пе? Сүйгеніме қосылғанның айыбы не, ертең менен теріс айналып кетсе не істеймін деп тағы ойланамын.

Жансая, Алматы қаласы