Сырласу
ДенсаулықДиета және фитнесСаулық үшін

Сымбатты мүсін. Тік жүру қиын емес

Адамның жүріс-тұрысы, мүсіні оның мінезі мен көңіл-күйін көрсетеді. Сымбатты мүсін мен әдемі жүріс сенімділік пен денсаулықты білдіреді. Мұндай адамдар ұзақтан-ақ «менмұндалап» көз тартады. Керісінше, бүкшеңдеп жүру – шаршаңқылық, өзін-өзі төмен бағалау және жан-дүниенің күйзеліске түскенінен хабар береді. Қанеки, осыны ескере отырып, жүріс-тұрысымызға мән беріп көрейікші!

488Қаралымдар

Кейбір адамдарда омыртқаның қисаюы, гормондық бұзылу, тірек-қимыл мүшелерінің жарақаттануы және ауруы сынды физиологиялық ауытқулар кездеседі. Мұндай жағдайда мамандардың қадағалауымен іске асатын ұзақ мерзімді физиотерапия көмектеседі.

Бүкіреймес үшін не істеу керек?
1. Дене бітіміндегі мә­се­ле­лерден арылғыңыз келсе, өмір сүру салтын өзгертіңіз. Бұл мәселеге тек оқушылар мен студенттер ғана емес, бір орында қимылсыз жұмыс істейтін адамдар да кезігеді.

2. Жұмыстан кейін денені шынықтырыңыз. Компьютерде дұрыс отыруды үйреніңіз. Аяғыңызды айқастырмаңыз, әрдайым алға тік қарап отырыңыз, қалпыңызды біртіндеп өзгертіңіз. 

3. Егер бүкірейіп келе жатқаныңызды байқасаңыз, бірден өзіңізді түзетіңіз. Туыстарыңыз бен достарыңыздан кеудені тік ұстап жүруді еске салып отыруын сұраңыз. Жаяу жүргенде, иықтарыңызды тіктеңіз және аздап төмен түсіріңіз, мойынды – тік, иекті – еденге перпендикуляр ұстаңыз.

4. Физикалық жаттығулар сапалы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Таңертеңгілік жат­тығу мен қимыл-қозғалыс та артық болмайды. Жаттығуды бастамас бұрын, физиотерапевтпен кеңескен де жақсы.

Дене бітіміне арналған жаттығулар
Мұндағы жаттығулар фитнес­ке жатпайды. Олардың міндеті – бұл­­шық­ет­ті нығайту емес, де­не­ні дұрыс қалыпқа үйрету. Сон­дық­тан, жаттығулар аса күш жұм­са­май, бірсарында орын­далуы тиіс.Ендеше бірнеше әсерлі қозғалысты қарастырып көрейік:
1. Кітаптармен жұмыс істеу. Үнді және непалдық әйелдердің қолмен ұстамай, бастарымен ауыр жүк таситыны барлығымызға бел­гілі. Бұл мойынның мықтылығы­­мен қатар мінсіз тұрақтылықты қажет етеді.
Керемет жүрісті қалайтындарға бұл тәжірибе аса қажет. Адамға зат­ты өз бетімен ұстап тұруды үйрену үшін, қабырғаға күніне бес-он минут басына кітап қойып тұру жеткілікті. Бұл жаттығу оңай болған кезде кітаппен баспалдақтан көтеріліп, жаттығуды қиындата түсіңіз.
2. Әдемі жүріс. Бұл жаттығу әсіресе биік өкшелі аяқ киіммен дұрыс жүре алмайтын қыздарға керек-ақ. Оған қоса, бұл май­та­бан­дықтан арылуға да көмектеседі.
Еденге таспаны жапсырыңыз немес­е бормен ұзын түзу сызық сызып алы­ңыз. Сызықтың бір ұшында тұрып, арқа мен басты тік ұстап, сызық бойымен жүруге тырысыңыз. Бұл жерде сызықтан ауытқымай түзу жүру керек. Айтулы әдісті сән мектептерінде үйретеді. Сондықтан сәнгер қыздар киген кез-келген киім әдемі көрінеді. Ал, мұндай жүрісті тік мүсінсіз жүру мүмкін емес. Осылай жүруді күнделікті қайталап отырсаңыз, бүкшеңдіктен арылатыныңыз сөзсіз.
3. Арқаны тіктеу. Кейде мү­сін­нің бұзылуына бұлшықеттердің әлсіздігі де әсер етеді. Адамға денесін дұрыс қалыпта ұстап тұру физикалық күш түсіреді. Мұны қалпына келтіруге дене жаттығулары көмектеседі.
Еденге етпетінен төмен қарап жатамыз. Аяқты түзу қойып, екі қолды екі жаққа жаямыз. Жауырынды тү­йіс­ті­ре кеңірек демаламыз, демді іште екі секунд ұстап тұрып, қайта жібереміз. Бұл әрекетті бес рет қайталаймыз.
Ішпен жатуды жалғастырып, теңіз жұлдызын елестетеміз. Демді іш­ке тартып, аяқ пен қолды бірге көтереміз. Осы күйде 1-2 секундқа қалуға тырысыңыз, содан кейін қалпыңызға қайта оралыңыз. Жаттығуды төрт рет орындау қажет.
4. Планкаға тұру. Ол денені ті­гі­­нен ұстаған кезде барлық бұл­шықет­тер­ді қамтиды. Екі шынтақты еден­­ге тіреп жатамыз. Сонда бас, арқа жә­не аяқ бір сызықтай түзу болуы ке­рек. Бір минутқа дейін осы күйде қа­лы­ңыз.
Жаттығуды осылай үш рет қай­та­ла­ңыз. Егер қиын болса, бі­рін­ші­сінде еден­ге алақаныңызбен тұрып көріңіз.