Сырласу
Бет күтіміСұлулық

Сұлу болу жолындағы қулықтар

Нәзік жандылар арасында мінсіз көріну үшін міндетті түрде қымбат косметика сатып алып, арнайы мамандарға жүгіну қажет деген ой қалыптасқан. Мұндай күтімді көптің қалтасы көтермесі анық. Дегенмен, қыз-келіншектер пайдалы бьюти-өнімдердің басым бөлігі сөрелерінде жатқанын біле бермейді. Сыралғы құрбыңыз сізге үй жағдайында үнемді әрі дұрыс күтінудің сырларын ашпақ.

226Қаралымдар

1. Зәйтүн майы бет бояуын кетіреді
Зәйтүн майының құрамында пайдалы элементтер өте көп. Оны тағамның қоспасы ретінде ғана емес, жуынуға арналған сүтше ретінде де қолдануға болады. Бет бояуын кетіруге арналған өнімдердің құрамында май болғандықтан, ол косметиканы лезде әрі еш қиындықсыз өшіре алады. Егер сіз сумен қатар зәйтүн майымен шайынсаңыз, теріңіз тазарып қана қоймай, нәзік бола бастайды.

2. Майлы жылтырды кофе сүзгішпен сүрту
Кофе сүзгіш – кофені тазартуға арналған қағаз іспеттес құрал. Егер үйде немесе кеңседе отырғанда теріңіз жылтырай бастаса, бетіңізді осы қағазбен сүртіңіз. Бұл бет жылтырына қарсы майлықтардың орнын басатын, таптырмас шешім.

3. Вазелин әтірдің тұрақтылығын сақтайды
Егер сіз әтірді білек тұсқа себуді ұнатсаңыз – бұл сізге арналған қулық. Әтірді қолданбас бұрын білегіңізге вазелин жағып қойыңыз. Пайда болған майлы негіз иістің ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді.